kz ru en

Авторизация


Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруда, ұстаздардың жаңа форматта кәсіби дамуы

Жаңа заман мұғалімі өмір бойы оқу және білімін жетілдіру қағидатын берік ұстануы тиіс.  Бұрын өзім өткен сын тұрғысынан ойлау стратегияларын  жаңа формат курсынан қайта қарастырып, жетілдіріп жаңа қырынан байқаған сияқтымын. 

 

 

23
6

Комментарии (23)

Жаксыбаева Зауре,
Преподаватель

Пікіріңмен келісемін.Жаңа технология күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бірақ, М.Жұмабаевтың  "....Әрбір ұлт баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға  міндетті" деген сөзін ұмытпағанымыз жөн шығар.

Жумагулова Зулкия,
Преподаватель

Жаңа технология мен қатар қазақ ұлтының салт-дәстүрімен тәрбиелеу үйлесімді ме?

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Сын тұрғысынан ойлай оқыту стратегияларын толық болмаса да сабақ барысында бірнеше жылдан бері қолданып келе жатырмыз. шынында да оқушының дамуына, мәселені немесе проблеманы шешу үдерісін шоғырландыруға жағдай жасауға болатын бірден - бір тиімді түсінік. Сын тұрғысынан ойлау әрекет жасауға болатын негіз, түрткі. Сондықтан кез - келген сабақтарда пайдалану әйтеуір бір нәтижесін береді. бірақ мақсат нақты болуы керек.   

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Білім беру саласында күнбе - күн енгізіліп жатқан өзгерістерге байланысты ұлттық құндылықтарымыз тысқары қалмау жағына да көңіл бөлу керек. Мағжан, Ахмет, Ыбырай өнегелерін де саралап, қажет жағдайда пайдалану, ұлттық құндылықтарымызды сабақтастырып, жалғастыру біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Оны шебер ұстаз өзі өзгерте алады, пайдалана алады деп ойлаймын . 

Касимова Дина,
Преподаватель

Компьютерлік оқыту технологиясына бейімделген арнайы мәтіндерді окытуға арналған әдістеме қазақ тілін жете меңгеруге игі ықпал етеді. Мәтіндерді компьютер арқылы оқытумен байланыстыру қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру міндетіне сай жана инновациялық әдістемелік жүйе ұсынуға мүмкіндік берері сөз.

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары өте тиімді. Бұл әдіс оқушыға да, мұғалімге де үлкен жауапкершілікті жүктейді. Осы стратегиялар арқылы оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйретеді. Нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын.

Мусабекова Куляш,
Преподаватель

Мемлекеттік тілді оқыту  сапасын арттыруда жаңа педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше деп ойлаймын. Курс барысында осы жаңа технологияларды меңгеруге тырысайык, әріптестер!

Козыбаева Улбосын,
Преподаватель

Мен әріптесіммен келісемін. Танысып жатқан теөнологиямыз RVST технологиясының жалғасы секілді. Жаңа технологиялар ақыл ойлары дамыған азаматтар тәрбиелеуде көмегін тигізері сөзсіз.

Балтабаев Кулжанбай,
Преподаватель

Қанағаттың пікірімен толық келісемін. Жаңа педагогикалық технологиялардың  қағидалық негіздері ортақ. Топтық жұмыс барысында оқушылардың  өзара сөйлесуі, мұғалімнің бағыттаушы ролі балалардың танымдық белсенділігін арттырып,  оқыту үрдісіндегі жалықтыратын, шаршататын бірсарындылықтан арылуға  бағытталған. Егер, мемлекет тарапынан білім саласына қойылатын талаптар жаңа педагогикалық технологияға сәйкестендірілсе, онда  мұғалімнің  жаңа форматтағы кәсіби дамуы жүзеге асуға тиіс. Ал егер олай болмаса онда "баяғы жартас бір жартас" болып қала бермек.

Муханова Майра,
Преподаватель

Әріптестерімнің  пікірімен толық келісемін. Заманауи  технологиялар  оқушы бойындағы  құзыреттіліктерді дамытуға  ықпалын  тигізері   анық.   Оған  күннен  күнге  көзіміз   жет уде.Қазіргі  заман-шығармашыл,  озық  ойлы,  жаңашыл  ұстаз  заманы.  Бағдарламада берілген  тақырыптарды  ашуда әр  мұғалім   оқушылардың  білім  деңгейін  ескеріп,  шәкірттердің  санасына  жететіндей  әдістердіпайдалануы  шарт.  Ол  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігіне, кәсіби  шеберлігіне  байланысты.

Касенова Бакытгул,
Преподаватель

Оқыту сапасын арттыруда жаңа технологиялардың тигізер үлесі ерекше. Осы күні біз оқып жатқан курстың түпкі мақсаты да сол. Осы курста американдық педагогтардың зерттеулері мен оқытудағы өзгеріске әкелетін әдіс-тәсілдері мен пікірлерімен танысып жатырмыз. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін бірден-бір тәсіл ол балаларға топтық жұмыстар негізінде білімдер үйрету. Сонда ғана оқушылардың еркін білім үйренуіне, өз бетінше тапсырманы орындауына, еркін ойлануына, еркін сөйлеуіне, ойын ашық жеткізуіне, өзінің жеке пікірін ортаға қоюына, басқалармен пікір алмаса отырып ортақ шешімге келуіне үлкен мүмкіндіктер қалыптасады.

Смагулова Бейбиткул,
Преподаватель

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым – қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.

Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата – анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады  деген ойдамын

 

 

 

 

Смагулова Бейбиткул,
Преподаватель

Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым – қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата – анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады  деген ойдамын.

 

Илимбаева Гулайман,
Преподаватель

Оқудын тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа тәсілдер арқылы оқушы өз ой - пікірін ашық айтып дәлелдеп, көз қарасын білдіре алады.Түрлі жастағы баларда байқалатын метасана деңгейі балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі

Алимжанова Гулдана,
Преподаватель

Білім сапасын арттыру әр мұғалімнің мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануына байланысты,яғни оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануымыз керек.

Баяхметова Гулсум,
Преподаватель

Білім беруде Кембридж оқытушыларының тәсілдерін үйреніп, практикада қолдану мен үшін  үлкен дәреже Инновациялық технологиялар оқушылардың  оқуға деген қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс істеуге,  альтернативтік шешім қабылдауға,рефлексия жасауға үйретеді.

Сейтенова Гульнар,
Преподаватель

Дұрыс айтасың, әріптес. Қай заман болмасын адамзат алдындағы мақсат-мұраттардың ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын көкірегі ояу, сауатты,тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, жаңа өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру. Мұндай тұлға жаңашыл, шығармашыл, іздемпаз, білікті ұстаздардан шығады.Ал, білікті ұстаздар үнемі ізденісте болуы шарт. 

Нашарова Толкын,
Преподаватель

Әріптестер!Оқушыларды білім алуда үлкен жетістіктерге жетелеуде көмек көрсету үшін оқыту мақсаттарының құндылықтарын, оқытудың нәтижелерін түсінуге қол жеткіздіретін, жаңа технологияларды, АКТ, СТО-ды қолданып жетілдіретін жаңа форматты кәсіби мамандар ғана жүзеге асырады деп ойлаймын.

Сейтенова Гульнар Жумагалиевна:

Дұрыс айтасың, әріптес. Қай заман болмасын адамзат алдындағы мақсат-мұраттардың ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын көкірегі ояу, сауатты,тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, жаңа өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру. Мұндай тұлға жаңашыл, шығармашыл, іздемпаз, білікті ұстаздардан шығады.Ал, білікті ұстаздар үнемі ізденісте болуы шарт.


Әріптестер! Оқушыларды білім алуда үлкен жетістіктерге жетелеуде көмек көрсету үшін оқыту мақсаттарының құндылықтарын, оқытудың нәтижелерін түсінуге қол жеткіздіретін, жаңа технологияларды. АКТ, СТО-ды  қолданып жетілдіретін жаңа форматты кәсіби мамандар ғана жүзеге асырады деп ойлаймын.

 

Нашарова Толкын,
Преподаватель

Әріптестер! Оқушыларды білім алуда үлкен жетістіктерге жетелеуде, көмек көрсету үшін оқыту мақсаттарының құндылықтарын, оқытудың нәтижелерін түсінуге қол жетікіздіретін, жаңа технологияларды, АКТ, СТО-ды қолданып жетілдіретін жаңа форматты кәсіби мамандар ғана жүзеге асырады деп ойлаймын.

 Сын тұрғысынан ойлау жобасының еліміздің оқыту саласында алатын орны ерекше.Жоба ең тиімді идеялар,қағидалар мен тәсілдер жиынтығы деп танылған. Оқушыны ойлануға,өздігімен ақпаратты игеріп,онымен тиімді жұмыс жасауға,дұрыс таңдау жасап шешім қабылдауға үйретеді.

 

Қанапия Баянды,
Преподаватель

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сондықтан кез-келген сабақта қолдану тиімді деп ойлаймын.

Бимбетова Мейрамкул,
Преподаватель

 "Адам еркін болмайынша қоғам еркін болмайды" - деп елбасы айтпақшы сыни тұрғысынан ойлау жобасы білім ошақтарында кеңінен өріс алуы, дамуы оқушылардың еркіндік пен білім алуларына күш беруі сөзсіз. Сондықтан да, кәсіби шеберлікті арттыру бүгінгі күннің талабы.

Толеп Кулзада,
Преподаватель

Біз осындай жаңаша білім беретін курстарда білім алу арқылы қазақ тілін оқытуда жаңаша тәсілдер қолданып, пәннің беделін көтеруге үлесімізді қосамыз деп ойлаймын. Бүгінгі күні айта-айта жауыр болған туған тіліміздің күрмеуі қиын күрделі мәселелерін шешу туралы әріптестеріміздің тұшымды ойларын, толғанысты пікірлерін көргім келеді осы беттен.