kz ru en

Авторизация


Оқу үрдісіне жаңа оқыту тәсілдерін пайдаланып баланың жеке түлғасын қалыптастыру мен дамытудың негіздері

Оқып жатқан жаңа форматты мұғалім дайындау курсынан алған тәжірибелерімізді пайдалана отырып, бүгінгі күннің талабына сай білім беруде жеке тұлғаны дамыту, өзіндік көзқарасы бар баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігін алдымызға мақсат етіп қоюдамыз.

ХХІ ғасырда өмір сүруге оқушыларды қалай дайындаймыз, яғни біздің бірінші деңгейлі бағдарламамыздың мазмұны осы мәселені шешуге бағытталып отырғандықтан, әрбір ұстаз алдында өте үлкен жауапкершілік тұрғанын сезінеміз.

Сондықтан да оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуге тиіспіз.  Сіздердің тәжірибелеріңізде ғылыми жоба жазып, әр түрлі деңгейде қорғау,  оқушылардың функционалдық сауаттылығы қандай деңгейде арттырды?

 

3
3

Комментарии (3)

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Жоба қорғау бастауыш сыныптан басталатын жұмыс.Біздің бүгінгі дарынды және талантты деп айтып жатқан оқушыларымызбен жүргізілеті нжұмыстың бір түрі. Салалар бойынша талантты оқушылар әр түрлі сайыстарға қатыстып, жүлделі орындар иеленіп жатады. Гиманзияішілік конференцияға қатысып, жүлделі орын алған оқушылар облыстық сайыстарға қатысуда. Әрине, мұндай жобаға оқушы, мұғалім ,ата - ана тартылары сөзсіз. 

Касимова Дина,
Преподаватель

Дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, білімге деген құштарлыған арттыру – біздің басты парызымыз. Дарынды балаларды тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету- бүгінгі өмір талабы, ал жаңа технологиялар соған зор мүмкіндіктер беріп отыр.

Орымбет Салтанат,
Преподаватель

Оқушылардың  ғылыми  жобалармен  айналысқаны  дұрыс.Сол  арқылы  оқушылардың  білім  деңгейі  көтеріліп, көзқарастары  кеңейеді. Мұндай  жобалар болашақ  ғылыми  жұмыстардың  бастамасы.