Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.
Мұғалім - адамды қалыптастыратын мамандық иесі. Оның қызметі күрделі әрі көп салалы. Қазіргі таңда оқыту мен тәрбиелеу үрдісін заман талабына сай ұйымдастыру ең келелі мәселе болып отыр. Жаңа формация мұғалімі білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғыптұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесіболуы тиіс. Бұл міндеттер біліктілікті арттырудың жаңа мазмұнын, білімдегі жаңа мақсаттары мен құндылығына сәйкес келетін жаңа педагогикалық технологиясын жасап, тәжірибеге ендіруді тездетуді алға қояды.
Ендеше, құзыретті тұлға қалыптастыруға ықпал ететін қандай жаңаша әдіс-тәсілдерді ұсынар едіңіз?
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Дина,рахмет, айтқаныңмен толықтай келісемін. Бірақ ақпаратты-коммуникациялық құралдардың зиянды жақтары да басым ғой. Бұл жағдайдан оқушыларымызды қалай қорғай аламыз?