Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлауға қалай үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты ұстаз қалыптастыра алады дейміз. Мұндай талаптарды жүзеге асыру жаңа тұрпатты мұғалім үшін оңай емес ...
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Ы.Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі», - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.
12 жылдық білім беруге көшу үдерісі мұғалімнен бұрыннан қалыптасып қалған жүйеге өзгеріс енгізуді талап етеді. Жаңа жүйеде мұғалім ақпарат беруші емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы болуы керек деп ойлаймын. Біздің қазіргі өтіп жатқан курсымыз осыған бастама болар.
Бейбиткул, 12 жылдық білімге көшуге даярлық енді ғана болып жатқан сияқты. Бұдан 11 жыл бұрын дайындаған оқушыларға білім берерде мұндай дайындықтар болмап еді, ия?
Осыдан 10-11 жыл бұрын эксперимент басталды ғой. Екеуіміз осы эксперименттің жай жапсарын көрдік. Осы эксперимент басталғанда да біздің білім саласы дайын емес еді ғой.
(оқулық, нұсқаулық тар,бағдарлама, әдістемеліктер кешендері айта берсек көп) .Осы тақырыпты алып отырғаным сол кездегі көп сауалдарымның біразына жауап алғандаймын. Осы курс 12 жылдық оқуға көшудің бастамасы деп ойлаймын.Бірақ сол кездегі оқулық жағынан қиналғанымыз есіме түссе (оның тек қана тапшылығы емес,мазмұны,жүйесі...) сол жағдай қалай болар екен деп ойланамын.