kz ru en

Авторизация


Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас

Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын кедергілерді жаңа  оқыту әдіс-тәсілдерін  пайдаланып  шешуге  болады. Кедергілерді болдырмаудың  ең  басты  жолы – сабақты  түрлендіре  отырып, оқушының  бос  отырмауына ықпал  ету.  

3
5

Комментарии (3)

Касимова Дина,
Преподаватель

Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік рөл үлкен әсер етеді. Осы үлгермеушіліктің алдын-алу тәжірбие жүзінде түрлі әлеуметтік – психологиялық тренингтер өткізу керек. Тренингтерді өткізу арқылы оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын арттыруға болады. Кейбір ашылмай жүрген оқушылар тренинг барысында топқа үйренеді.

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Ұстаз бен шәкірт арасында тек жақсы қарым-қатынас болу керек деп ойлаймын. Мұғалімнің бойында игі тілек,  шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласпен көмек көрсету, олардың жан-дүниесін түсіну сияқты адамгершілік қасиеттері мол болса, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде болады. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз ұстазының бойынан көргісі келеді. Егер шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, оның білім сапасына да берер үлесі мол деп білемін. 

Жаксыбаева Зауре,
Преподаватель

Ұстаз өзінің мол білімімен,сөзімен,іс-әрекетімен оқушының назарын өзіне аудара білуі керек.Сонда ғана  сапалы білім болады деп ойлаймын.Оқушы жүрегіне жол таба білу -ұстаздың міндеті.