kz ru en

Авторизация


БІЛІМ САПАСЫН АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ.

Қоғамның одан әрі дамуы – ұстаздың кәсіби даярлығына, әдістемелік жаңалықтармен, жаңа ақпараттармен қарулануына  байланысты. Мұғалімнің ақпараттық мәдениеті – өмір бойы жаңалық іздеп, оны табу,ізденіс-мұғалім өмірінің өзегі. Міне, ақпарат кеңістігін терең  меңгерген мұғалім өзінің ақпараттық мәдениетінің биіктігімен, жан-жақтылығымен, кәсіби шеберлігімен,іскрлігімен ерекшелетіндігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

11
4

Комментарии (11)

Мусабекова Куляш,
Преподаватель

Әріптесім Динаның АКТ туралы жазған пікірімен толық келісемін.Шын мәнінде АКТ-ны толық меңгерген мұғалім сабақ барысында айтарлықтай жеңіске жетері анық. Бұл туралы Ш.А Амонашвили:"мектепті емес, мұғалімнің рухани дүниесін реформалау керек"-деп айтқан.Ендеше, сабақ беру үрдісінде жаңашыл болуға тырысайық!

Шакенов Самал,
Преподаватель

Интерактив деген әрине өте жақсы ғой, бірақ соныңыз ЕНТ-ға кіретін сабақтардан аспай қалады ғой. Ебін тауып білгеніңді есіңе түсіріп, үйде дайындап алып келіп енді кіріскенде не программасы, не дауысы келмей жататын жағдайлар болып жатады. Мә саған Макаренко деп сонда түңіліп кететін кездер де болады біз сияқты ауылбайский мектептерде.

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

Иә, Динара әріптесім дұрыс қой, бірақ ол үшін мұғалім өзі АКТ ны толық меңгеруі керек.

аКТ ны пайдалансақ сабақтың  жемісі мол болады.

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Оқушыларды пәнге қызықтырудың бір жолы, менің ойымша,  АКТ сабақта кеңінен пайдалану. Интерактивті тақта, интернет, ... Самал әріптесім айтпақшы, расында да қала мектептері болмаса, ауылдарда интерактивті тақтасы түгіл интернеті де қосылмаған мектептер баршылық.  Осы мәселе шешілсе, жаңа технологияны толық меңгеріп, сабақта еркін қолданатын ұстаздардың саны да артар еді.   

Баяхметова Гулсум,
Преподаватель

Динара,сіз көтерген проблема өте актуалды. АКТ қолдану арқылы оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырамыз және сабағымызды түрлендіреміз Ең бастысы АКТны жүйелі түрде  пайдалану деп ойлаймын

Қанапия Баянды,
Преподаватель

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Сондықтан, білім сапасын арттыру үшін АКТ-ның пайдасы зор деп ойлаймын.

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Дина, қазіргі қоғам дамуына байланысты АКТ қолданысы да жылдан - жылға зор өзгерістермен дамып келеді. Бұл тек қана оқушылардың дамуы емес, жалпы барлық адамзаттың дамуына ықпалын тигізуде. Сіз көтеріп отырған мәселеге келсек, бұл бір жағынан бізідң жұмысымызды да жеңілдеткен сияқты. бұрынға сурет салу, сызба жасау, көрнекілік іздеу, бояу т.б. кеткен алтын уақыттарымыз біршама үнемделді. Сол жағынан ризамын. 

Орымбет Салтанат,
Преподаватель

АКТ-ны  орнын  тауып  қолдансаң  оң  нәтиже  береді. Бірақ  кез-келген  жерге орынсыз  қолдансаң  кері  әсері де  болуы  мүмкін. Интерактивті  тақта, компьютерді  қолданған  оқушылардың оқуға  деген  ынтасын  арттырады

Илимбаева Гулайман,
Преподаватель

Ия, қазіргі күні Акт-ны қолдану мұғалім үшін де ,оқушылар үшінде өте тиімді деп ойлаймын. Уақыт үнемдеу үшін де қажет.Әріптестерменде байланыс жасауға өте тиімді.Оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары.

Алимжанова Гулдана,
Преподаватель

АКТ- ны тиімді қолдану заман талабы ,өйткені ол оқушыларға түсінуді жеңілдетіп, ал мұғалімдерге уақытты тиімді пайдалануға көмектесетін құрал.Сондықтанда, қажетті жерде қолдана білу керек.

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Ақпараттық технология пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа АКТ қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Оқу -тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шындап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады