kz ru en

Авторизация


Жаңа форматты сабақ – білімге жаңа бастама.

Мемлекеттік білім бағдарламасы еліміздің білім жүйесін ілгерімді білім беру талаптарына сай ұйымдастыру мәселесін нақты қойған.Оның  ішінде электрондық мектеп жүйесі, электрондық оқу ортасын қалыптастыру сияқты заманауи жүйелерді жүзеге асыру үшін біліктілігі жоғары деңгейлі дамыған, жаңа педогогикалық технологиялармен қаруланған жан –жақты білімді кәсіби мамандар ауадай қажет. Бұл қасиеттер жаңа форматты курстан өткен мұғалімдердің бойынан табылады. Курстан өткен мұғалімдер білім беруде өздері оқыған оқытудың түрлі әдістерін, педогогико - психологиялық қағидаттарын үнемі пайдалануы және өзгелерге үлгі болуы тиіс.

 

3
1

Комментарии (3)

Касимова Дина,
Преподаватель

 

Оқытуда бұл курстың басқа курстардан айырмашылығы –біздер әдеттегіше лекция жазғанымыз жоқ. Курс кезеңінде әр сабақ қызықты өтіп, күннен-күнге қызығушылығымыз арта түсуде. Оқудың жаңа тәсілдерімен жұмыс жүргізу мұғалімдер үшін өте қызықты.  Біздер бар ынта-жігерімізді осы жолға салып, оңтайлы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз.Зерттеу бойынша алған тақырыбымыз жеті модуль бойынша өтті. Сабақ диалог әдісі, іскер ойын, тренинг, пікір алмасу, рефлексия жасау т.б. түрінде өтіп жатыр. Күнделікті сабақ практика жүзінде өткізілді. Әр жұмыс күнінің соңында және апта аяғында үйге тапсырма беріліп отырды, яғни, мұғалімдерге арналған нұсқаулықпен танысу және оны басқа мұғалімдермен бірлесе отырып талқылау, өз пікіріңді ұсыну, өткен сабақтар бойынша күнделік толтыру, әртүрлі тақырыптарға эссе жазу.Міне, осындай жүйеде құрылған сабақ күндері шығармашылық жұмысқа толы болып жатыр.Жаңа курста жаңа достар таптық.Бәріңізге сәттілік тілейміз!

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Жаңа форматты мұғалім өзіне-өзі сенімді, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды шебер меңгерген, мүлдем жаңаша ойлауға бейімделген  мұғалім деп ойлаймын. Ол баланың жан-жақты дамуына, өз пікірін ашық жеткізуіне, табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ету керек. Ұстаздарды  жаңа педагогикалық технологиялармен қаруландыру жолында көптеген курстар өткізілуде. Соның бірі біз қатысып жүрген курс. Осы курстан өткен мұғалімдер алған білімдерін толығымен іске асыратын болса, нұр үстіне нұр болар еді! Солай емес пе, әріптестер! 

Ныгметуллина Шамшибану,
Преподаватель

Дүниежүзілік стандарт бойынша қазіргі заманғы ұстаз - бұл ерекше проблемалық -педогогикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетіне ие шығармашыл жеке тұлға, оқытудың әлемдік озық тәжірибесі мен жаңа технологиясына сүйенген көп вариативтік бағдарламаны жасаушы. Міне осындай ұстаз ғана қазіргі таңда еліміздің болашақ жастарын тек қана теориялық біліммен қаруландырып қана қоймай, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра алады деп ойлаймын.