kz ru en

Авторизация


Технология пәнін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырудың маңыздылығы.

ХХІ-ғасырға лайықты тұлға қалыптастырудың күрделі мәселелерінің бірі- күнделікті  сабақты пәнаралық  байланыста жүзеге асыру. Ал пәнаралық байланыстың басты мақсаты-оқыту үрдісінде білім беру, жалпы адамзаттық құндылықтарды ашу.

8
6

Комментарии (8)

Мусабекова Куляш,
Преподаватель

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құруда маңызы зор.Осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.

Касимова Дина,
Преподаватель

Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдердің пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру .
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитынды. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады.

Шакенов Самал,
Преподаватель

Қазіргі заман талабына ой жүгіртсек, ең қажет деген мамандықтар тізімі мүлдем өзгерген. Ал ол мамандықтарға қызығушылықтар  осы біздің мектеп қабырғасынан басталуы керек. Ал енді осы орайда технология пәнінің жағдайын бәріміз білеміз. Кәсіби мамандық таңдау дейміздағы оның алғышарттарын даярлауға ұмтылған бірде-бір құзырлы мекеменің жұмысын көрмейміз. Қазіргі біздің практикалық еңбек кішкентай балалардың қағаз қиып кабинет сыпырудан аса алмаған сияқты. Көп жерде еңбек пәні мұғалімдері ер адамдар (оформитель, электрик, сантехник, шофер, разнорабочий сияқты болып кеткен.) Ал өзін-өзі тану, сағаты аз мұғалімдердің ермегі болып кеткен сияқты. Короче ағама-жеңгем сайдың кері ғой бұл мен білетін біраз мектептерде. Так, что Күлеке! необессудь.

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Менің ойымша, интеграция білім салаларының тұтастығын білдіреді. Бұл пәнді әр қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Технология пәнін өзін-өзі тану, бейнелеу өнері пәндерімен ықпалдастыра оқыту керемет нәрсе!

Күләш апай, өз пәніңізді гуманитарлық бағыттағы тағы қандай пәндермен байланыстыра оқыта алар едіңіз?   

Сагатова Айгул,
Преподаватель

Жалпы технология, яғни еңбекке баулу пәні барлық пәндермен жан-жақты пәнаралық байланысты жүргізілетін пін ғой. Бұл осы пән мұғалімінің іскерлігі мен тәжірибесіне, біліктілігіне байланысты. Сондықтан, алға Күлеке!

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

Әріптесім Куля! Жалғыз технологиямен ықпалдастырмайық. Мен өзім әдебиетті де Байланыстырса құба - құп. Мүмкін барлық әріптестерім өзін өзі тануды барлық пәнмен байланыстыратын щығар.

Мусабекова Куляш,
Преподаватель

Құралай, менің тақырыбыма өз ойыңызды білдіргеніңізге Рахмет. Өзін-өзі тану рухани бастау-соны сөндіріп алмай жарыққа шығару барлық пән мұғалімдерінің міндеті деп ойлаймын. Осының дұрыс шешімі табылса, ықпалдастыру арқылы сабақ жоспарын  құруға мен дайынмын.

Мусабекова Куляш,
Преподаватель

Әрине, Бибігүл ханым!. Олай болса,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ,бірлесе жұмыс жасайық.Талабыңа нұр жаусын!