Мектепті дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа тәсіл, жаңа үлгі қажет. Жаңаша көзқарас қажеттілігі - өмір талабы. Мектеп жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім.Сондықтан да Кембридждік Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді үйренуге үш айлық курсқа келдік. Бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптасуын қамтиды. Жаңашыл ұрпақты тәрбиелейтін - өзгерген жаңашыл ұстаздар. Өзгеріске бет бұрайық, ұстаздар!