Lesson Study- мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс- әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл делінген.Осы тәсілді қалай тиімді етіп қолданар едіңіз? Ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Lesson Study- мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс- әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл делінген.Осы тәсілді қалай тиімді етіп қолданар едіңіз? Ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Lesson Study - оқушының білімін зерттеуге тиімді тәсіл деп есептеймін.Алдағы практикада сабақтағы іс-әрекетті зерттеуге қолданамыз деп ойлаймын.
Гульмира! бара көреміз көп ойланып бір шешімге келерміз ерте басынызды ауыртпаңыз оған дейінгі бетпе- беттегі тапсырманы жасайық деп ойлап отырмын.
Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болғандықтан, оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін зерттеуде қолданамын деп ойлаймын. Бұл бірнеше мұғалімдердің бірігуі арқылы іске асатындықтан, мектебімдегі 8-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен біріге отыра іске асыратын шығармын.
Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам болғаны қолайлы болмақ). бұл топтың құрамына басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson Study тиімді болады. Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім тудырмай, кідірместен "тәукелге бел бууға" мүмкіндік беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткізу керек.Қаралатын мәселені белгілеп алу керек.Lesson Study-ді жүргізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік ұсыныңыз (коучинг және т.б.). Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.
Келісемін, практикада Lesson Study өте пайдалы болады деп ойлаймын.
Кеңестеріңізге рахмет!
Кеңесіңізге рахмет!
Бұл өте орынды көтерілген мәселе болды. Мен ескермей қалған жұмыс екен. Құндыз Сериковна, ойыңызбен бөлісіп, кеңес бергеніңізге рахмет!
Сіздерге сәттілік телейміз!
Практикалық жұмыстарыңыз табысты болсын!
біздер сіздердін біраз тәжірибе жинау керек шығар деп ойлап отырмыз?
Сіздерге сәттілік тілеймін! практикадан жақсы өтіңіздер! Сіздердің жинаған тәжірибелеріңізбен біз де бөлісетін боламыз!
Лессон -стади мектепте қалай өткіздіңіздер жазып жіберіңіздерші
нәтиже қандай болды?
Lesson studyді практикада қолдану қызықты әрі нәтижелі болады деп ойлаймын. Әріптестермен бірігіп өткізілген жұмыстардың нәтижесі жоғары болатынына сенемін. Дәл қазір өз басым бұл тәсілді жетік меңгерген жоқпын.
Осы тақырып бойынша қазақ тілі мұғалімдер бірлестігіне коучинг-семинар өткіздім. Әріптестеріме бұл тәсіл ұнады. Келешекте өз тәжірибиелерінде қолданар деген сенімдемін.
Бұл тәсіл егер де өз мәнінде жүргізілсе мұғалім тәжіриебесін жетілдіру үшін өте тиімді екендігі анық. Бірақ, біз үшін нақты қадамдары айқын емес сияқты. Мысалы, анықтайтын қандай мәселе? Мен ойымша жалпы сыныпқа және әр деңгейдегі үш оқушыға әсерін зерттеу үшін сабақ барысында қолданатын СТО немесе басқа да жаңа пед. технологияның стратегиясы. Егер, мәселе осындай болса, онда бұл тәсілді бір сыныпқа қолдануға бола ма? әлде екі- үш сыныпқа да өткізуге болады ма? Бір сыныпқа болса, онда әр түрлі пән мұғалімдері болады, егер, әр сыныпқа болса онда бір пәннің мұғалімдері бірігуге болады.
Лессон-стади біздің аз ғана уақытта нәтиже береді деу мен үшін дұрыс емес сияқты.Бұл зерттеу ұзақ мерзімді жоспарда болғаны дұрыс шығар.
мен сізбен келісемін. барлық ұстаздармен бірігіп жұмыс істеу оңай емес
ГУЛМИРА ПРАКТИКА КАЛАЙ ӨТУДЕ
Құрметті әріптестер! келе жатқан мерекелеріңізбен . Сіздерге жемісті еңбек , зор денсаулық , дарынды оқушыларыңыз көп болсын. Лессон-стади зерттеу тәсілі бойынша жұмыс істеу қызықты деп ойлаймын, мектепке барғансоң қолданамын.
Мен де Лессон-стади әдісін енгізе алмай жүрмін. Әр түрлі кедергілер болып тұр, бақылайтын 3 мұғалімнің сабақ кестесі деген сияқты. Сонымен бір сыныпқа беретін мұғалімдер бақылаған дұрыс па, әлде бір пәннің мұғалімдерінің біріккені дұрыс па? Іске асырып жатқандар болса, қадамдары туралы анық жазсаңыздар екен.
Лессон-стади тәсілін өткізу үшін мұғалімдер біраз уақыттарын бөлу керек екендігін түсіндім. Себебі бір сыныпта сабақ беретін мұғалімдардың басын қосып, бақылауға алынатын үш оқушымен жұмыс жүргізу қажет қой. Мен осы тәсіл бойынша өзімнің сыныбымда жұмыс жүргіздім. География, қазақ тілі, Қазақстан тарихы сабақтарында өзім төртінші мұғалім ретінде қатыстым. Сабақтар өте жақсы болып бақылауға алынған оқушылардың екеуі белгілі бір жетістіктерге жетсе, үшінші үлгерімі төмен оқушыда нәтиже болмай қалуына байланысты, бұл оқушының нәтижесін көру үшін біз осы циклді қайта бастау керек болды. Сондықтан ұзақ уақыт зерттеу жүргізуге тура келеді деп ойлаймын.
Бірлескен жұмыс өз нәтижесін береді.Өйткені бірнеше мұғалімнің тәжірибесі оқушының білім сапасын жақсартуға бағытталады.Зерттеу барысында оқушыға тиімді тәсіл келесі сабақтарда да қолданылу арқылы білім сапасы артады.Ең тиімді болған тәсіл бойынша педұжыммен бөлісу,тарату 1 деңгей мұғалімінің құзыреттерінің бірі болып саналады деп ойлаймын.
Лессон-стади мен үшін әлі қолға алмаған жұмыс болып тұр, оған кедергілер кездесіп тұр деп айтуға болар еді.Дегенмен әріптестерімнің ойларын тыңдап отырсам,нәтижесі жаман емес сияқты.
Лессон-стади 10 "Б" сыныбында үш сабақ төңірегінде жүргіздік үш мұғалім қатыстық үшеуміз де осы сыныпқа сабақ береміз, биология сабағында үш оқушыныны таңдадық, сабақты бастамас бұрын сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесімен танысып, осы кестенің төңірегінде жұмысымызды бастадық нәтижесін көре бастадық, әрі қарай жалғастырудамыз жылдың соңында мониторингін жасаймыз, сонда да өз тәжірибемізбен бөлісерміз.
Құрметті әріптестер! "Прием фишбоун" туралы ойларыңызды бөлісе отырсаңыздар. Ол бастауыш сыныптарда қолданылған тиімді ме?
казіргі кезде атауын өзгертіп жатыр, негізі өзім курстан өткеннен бері бір сыныппен 3- жыл жұмыс жасап жатырмын өте қызықты жұмысы көп, ой бөліссеңіздер деймін.
Мен өз мектебімде Лессон-стади зерттеуіне арналған коучинг сессиялар өткізуден бастадым. Коучингтер өткеннен соң 7-сыныптың сынып жетекшісі өз сыныбына осы зерттеуді жүргізуді өтінді. Мен, сынып жетекшісі және екеуміздің тәлім алушыларымыз, яғни төртеуіміз сыныптағы зерттелетін үш оқушыны таңдап алып екі ай көлемінде бірнеше сабақтарда зерттеулер жүргіздік. Әрине әр сабақтың алдында, соңында сабақ жоспарын бірлесе құрдық, әр сабаққа зерттеу парақтарын ойластырдық. Зерттеу парақтарын жүргізуде, мысалы бір сабақта үш мұғалім таңдалған бір ғана оқушыны зерттедік, екінші бір сабақта үш оқушыны әрқайсысымыз бір-бірден жеке бөліп зерттедік,үшінші сабақта біріміздің таңдаған оқушымызды екінші бір мұғалім зерттеді. Ең соңғы мониторинг бойынша жүргізген нәтижеміз А мен В деңгейінде таңдалған оқушыларда айтарлықтай өзгеріс болмады, ал С деңгейіндегі таңдалған оқушымыздың бізді таңдандырарлықтай көрсеткіш көрсетті. Біз әлі де зерттеулер жүргізудеміз. Ұзақ мерзімді зерттеуді ойластыру үстіндеміз.