kz ru en

Авторизация


Бағалау туралы

Дәстүрлі оқыту жүйесінде баланы бағалауда тек мұғалімнің  ғана ықпалы болатын  және  көбіне баланың жауап беру стиліне қарап салыстырмалы немесе ынталандыру  бағасы қойылатын, сонымен қатар нақты білім бағаланатын.

Жалпы  білім  беруде  әр  мұғалім көздеген  мақсатына қол жеткізу үшін  оқыту үдерісін  жоспарлап қолданысқа  енгізгенде  оқушыларды  бағалауды басты   назарда ұстануы керек.  Себебі,  бағалау сыныптағы оқушылар  деңгейі әр  түрлі болып келетіндіктен,  мұғалімнің  сыныпта бірқалыпты  атмосфераны  құруына  және  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  жолдарына  елеулі  әсер  етеді.   Бағалау – одан  арғы  білім алу туралы  шешімді  қабылдау  мақсатымен  оқытудың нәтижелерін  жүйелі  түрде  жинақтауға  бағытталған  қызметті  белгілеу  үшін  қолданылатын   термин  болып  табылады. (мұғалімдерге арналған  нұсқаулық. 56- бет).Сондықтан балалардың өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет.

 

0
1

Комментарии (0)