kz ru en

Авторизация


Білім сапасы

Неге ел басымыз айтқандай мұғалімдердің қағаз жұмысы кемімей керісінше 2-3 есе артуда? білімнің сапасы әрине кемиді!!!

25
4

Комментарии (25)

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Менің ойымша, мұғалімдердің қағаз жазу бойынша жұмыстары ешқашан кемімейді. Осы жағдайда білім сапасын сақтап қалудың немесе арттырудың, менің ойымша,  бір ғана жолы бар сияқты. Ол - мұғалімдер өз жұмыстарын жүйелей білу керек. Бәлкім, мен білмейтін басқа да жолдары бар шығар. Қалай ойлайсыздар, әріптестер? 

Жекебаев Саян,
Преподаватель

біз көрсеткіш үшін емес, білім беру үшін оқытсақ, ал балалар баға үшін емес, білім алу үшін оқыса, сапа туралы әңгіме болмас еді деп ойлаймын. Осыны ұғындыра алсақ,....

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

Жоғарыдығы мырзалар бұл мәселені қолға аламыз деп жатыр ,өзгерісте келер, қағаз жүзінің өмірі де кетер деп үміттенеміз бәрі өзгереді тек шыдайық , шыдаймыз да.

Баяхметова Гулсум,
Преподаватель

Жаңа оқу форматының  ұстаздары оқу үдерісінде қағаз жазуға емес, оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін жаңа стратегиялар қолдану арқылы дарынды тұлға тәрбиелеу үшін жұмыс істеу керек деп ойлаймын

Сейтенова Гульнар,
Преподаватель

Әрине,біздің алтын уақыттарымыздың біразын осы қағазбастылық алады.Тіпті қазір көп жерлерде сабақ беру шеберлігіне қарап емес,қағаз жазу шеберлігіне қарап мұғалімдерді бағалап жатады.Бұл кейінгі кездері басымдық танытуда.Оған не істей аламыз? Өзгереміз деп жатырмыз ғой,мүмкін ол да өзгерер,талап та өзгерер,қағазбастылық та азаяр.Жоғарыдағы Саянның айтқанына қосыламын.

Бимбетова Мейрамкул,
Преподаватель

Әріптестер амансыздар ма?Қағазбастылық азаяр емес ,қайта көбеюуде .Гулнар өте дұрыс айтады,соңғы уақытта папканың іші емес сыртқы көрінісі  қызылды-жасылды болса,болды  сен керемет мұғалімсің!Оның ішінде мұғалімнің еңбегін көре алмайтын  мектеп әкімшілігі көп.Оқушылар мен ата-аналар еңбегіңді білсе болды. Біз жаңа форматты мұғалімдер бәріне төземіз,көнеміз де  ,өзгереміз де, өзгертеміз  ақ жол!

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Армысыздар, ұстаздар! Барлығыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Біздің өзара осылай байланыс жасағанымызды ешкім де көріп жатқан жоқ. Айтқан сөз далаға кететіннің нағыз өзі ғой. Мұның өзі уақыт алу. Бізді кім оқып, кім тыңдап жатыр? Менің ызамды келтіріп жүрген мәселе - медосмотр. Былтыр ғана сотталмаған, псих емес, наркоман емес деген справка жинап едік, биыл тағы жинау керек. Алтын уақытымызды аяймын жетпей жатқан. Биыл соларды қайта жинау керек. Мұғалімдерді қорлау ма, әлде сенімнен шыққанбыз ба? Ұстаз деген атты жоғары көтеру орнына ақша табу әрекеті ме? 

Смагулова Бейбиткул,
Преподаватель

Әріптестер,мерекелеріңізбен! Жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастайық. Мұндай ұсақ проблема таусылған ба? Ал өмір проблемасымен қызықты шығар.Ал қағазбастылықтан алі айырылмайтын сияқтымыз. Сондықтан 1-деңгей ұстаздары кеудемізді тік ұстап ,жаңашылдыққа қарай алға...Біз өзгереміз, балада өзгерер. МАН -да айтылғандай мектептегі негізгі тұлға біз емес па?! 

Смагулова Бейбиткул,
Преподаватель

Калыңыз қалай? Уақыт өтті деп ренжімеңіз,Алма Болатовнаның сөзін еске алайық "Біз өзгереміз, біз тестен өтеміз,біз бәріне үлгереміз"

Толеп Кулзада,
Преподаватель

Жаңа оқу жылдарыңызбен, әріптестер! жаңа жұмыс жылын жылы көңіл-күймен бастайық! баршаңызға сәттіліктер мен тамаша төзім, саф алтындай сабыр тілеймін. Бейбіткүл дұрыс айтады, өмірдің ұсақ-түйегіне мән бермей, мәселеге ірі қарай білейік. Өмірдің кедергілері біздерді мұқалта алмайтын болсын. Ал білім сапасын көтеру ешбір қағазбен, заңмен өлшенбейтін құндылық емес пе?! Ол біздің жүректерге құятын ізгілігімізбен, бала жүрегін жаулап алатын жылылығымызбен өлшенсе керек. Себебі біз - мұғалімбіз! Егер бала сені жақсы көрсе, сенің пәніңді де жақсы көреді, егер сенің пәніңді жақсы көрсе, оны сүйіп оқиды. Ал өзі сүйіп оқитын пәнін бала өмір бойы ұмытпайтындай біледі. Білім сапасы деген - осы деп ойлаймын.

Смагулова Бейбиткул,
Преподаватель

Өте орынды айтылған пікір.

Бегулинов Канагат,
Преподаватель

Жаңа оқу жылдарыңызбен, қымбатты менің әріптестерім! Ұстаз- адамзаттың айнасы. Сондықтан қандай қиындық болмасын, сұлу да, сымбатты көріне білейік.

Бегулинов Канагат,
Преподаватель

Сейтенова Гульнар Жумагалиевна:

Әрине,біздің алтын уақыттарымыздың біразын осы қағазбастылық алады.Тіпті қазір көп жерлерде сабақ беру шеберлігіне қарап емес,қағаз жазу шеберлігіне қарап мұғалімдерді бағалап жатады.Бұл кейінгі кездері басымдық танытуда.Оған не істей аламыз? Өзгереміз деп жатырмыз ғой,мүмкін ол да өзгерер,талап та өзгерер,қағазбастылық та азаяр.Жоғарыдағы Саянның айтқанына қосыламын.

Өзгеру керек,бірақ қалай өзгеру керек екендігін алдын-ала ойланып барып жасау керек сяқты.

 

Балтабаев Кулжанбай,
Преподаватель

Құрметті әріптестер!  Жаңа басталған оқу жылында бәріңізге сәттілік тілеймін. Практиканы жақсы өткізіп, емтиханды ойдағыдай тапсыруларыңызға тілектеспін.  Қағазбастылық деген мұғалім жұмысының ажырамайтын бір белгісі болды. Одан ажырау жуық арада қиын шығар. Білім министрі ауысыпты, енді білім саласындағы реформа қай бағытқа бұрылар екен?

Жаксыбаева Зауре,
Преподаватель

Құрметті әріптестер!Ерекше оқу жылдарыңызбен құттықтаймын!Ерекше болатыны бірінші деңгейлі курстың бірінші бетпе-бетіін бітіріп отырсыздар.Жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып,еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер демекпін.

   Мұғалімді мұғалім ғана түсінеді.Қағазбастылықтан құтыламыз деп ойламаймын.Бірінші деңгейлі курсты бітірген соң,"Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің"дегендей, әлі талай-талай есептер күтіп тұрған шығар.

Ермекова Гульнара,
Преподаватель

Құрметті әріптестер,жаңа оқу жылдарыңызбен! Бірінші деңгейлі курстың есептерінің 12 мың сөзбен берілуінің өзі аз жұмыс емес. Сондықтан, сіздерге төзім тілеймін! Қағаз ешқашан азаймайды.

Рысбаев Максат,
Преподаватель

Құрметті әріптестер! Алдағы оқу жылында еңбектеріңізге тек сәттілік тілеймін! Екінші бетпе-бетті ойдағыдай тапсырып, тестіден 100 % өтіңіздер. Мен І деңгейлі курстың бірінші бетпе-бетінде оқып жатырмын. Кейін қажет кезінде маған әдістемелік көмек берерсіздер деп ойлаймын. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін!

Касимова Дина,
Преподаватель

Толеп Кулзада Абекеновна:

Жаңа оқу жылдарыңызбен, әріптестер! жаңа жұмыс жылын жылы көңіл-күймен бастайық! баршаңызға сәттіліктер мен тамаша төзім, саф алтындай сабыр тілеймін. Бейбіткүл дұрыс айтады, өмірдің ұсақ-түйегіне мән бермей, мәселеге ірі қарай білейік. Өмірдің кедергілері біздерді мұқалта алмайтын болсын. Ал білім сапасын көтеру ешбір қағазбен, заңмен өлшенбейтін құндылық емес пе?! Ол біздің жүректерге құятын ізгілігімізбен, бала жүрегін жаулап алатын жылылығымызбен өлшенсе керек. Себебі біз - мұғалімбіз! Егер бала сені жақсы көрсе, сенің пәніңді де жақсы көреді, егер сенің пәніңді жақсы көрсе, оны сүйіп оқиды. Ал өзі сүйіп оқитын пәнін бала өмір бойы ұмытпайтындай біледі. 

Толеп Кулзада Абекеновна:

Жаңа оқу жылдарыңызбен, әріптестер! жаңа жұмыс жылын жылы көңіл-күймен бастайық! баршаңызға сәттіліктер мен тамаша төзім, саф алтындай сабыр тілеймін. Бейбіткүл дұрыс айтады, өмірдің ұсақ-түйегіне мән бермей, мәселеге ірі қарай білейік. Өмірдің кедергілері біздерді мұқалта алмайтын болсын. Ал білім сапасын көтеру ешбір қағазбен, заңмен өлшенбейтін құндылық емес пе?! Ол біздің жүректерге құятын ізгілігімізбен, бала жүрегін жаулап алатын жылылығымызбен өлшенсе керек. Себебі біз - мұғалімбіз! Егер бала сені жақсы көрсе, сенің пәніңді де жақсы көреді, егер сенің пәніңді жақсы көрсе, оны сүйіп оқиды. Ал өзі сүйіп оқитын пәнін бала өмір бойы ұмытпайтындай біледі. Білім сапасы деген - осы деп ойлаймын.

сапасы деген - осы деп ойлаймын.

Мерекеңізбен!Кулзада мұғалім сіздің сөзіңіздің жаны бар.Біз жаңашыл мұғалімбіз,төземіз.

 

Жансагимова Жанна,
Преподаватель

Дұрыс айтасыз!

Касенова Бакытгул,
Преподаватель

Құрметті, әріптестер! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Осы оқу жылы тек табыс әкелсін.(қай жағынан алып қарасаңызда) Өзіміздің жасаған жұмысымыздан ләззат, қуаныш алайық. Кездескен қиындықтарда "Біз бәрін жеңеміз, тек қорықпайық!"дегім келеді.

Касенова БакытгульРымтаевна

Касимова Дина,
Преподаватель

Мерекеңізбен!Кулзада мұғалім сіздің сөзіңіздің жаны бар.Біз жаңашыл мұғалімбіз,төземіз.

Муханова Майра,
Преподаватель

Құрметті әріптестер,Ідеңгейлі курстың 4-тобы, сіздерге жалынды сәлем жолдаймын!Күлзада, Бейбіткул апайлардың айтқанына толықтай қосыламын.Иә, қағазбастылықтың түбі жуық арада көрінер емес.Сондықтан шыжығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық қызмет жолында шыдамдылық, қажырлылық, селкеусіз сенім тілеймін. Болашақтан үміттенейік. Алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, биіктің белесінен көрінейік. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

Бимбетова Мейрамкул,
Преподаватель

Кулзада апа! ЖАҢА оқу жылыңызбен ,еңбегіңіз жемісті болсын !С!здей алла шыдамды мұғалімнің болғанына тауба, сізден кейін көп шүкіршілікке келдім .КОУЧ өткіздіңіз ба?

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Қағаз жұмыс ещқашан азаймайды деп ойлаймын. Иә, практикада жазып жатқан 12 мың сөзімізде аз жұмыс емес. Тексеріс келгенде мұғалімнің қағазы "сайрап" тұру керек емес пе?

Балтабаев Кулжанбай,
Преподаватель

Балапанова Кундыз Сериковна:Қағаз жұмыс ещқашан азаймайды деп ойлаймын.Құндыз дұрыс айтады! Қағаз жұмысы азаймайды,  ол азайса құдайға шүкір,  компьютер жұмысы көбейеді. Қағазбастылықтың орнын комьпютер бастылық басады.