Сұрақ: Бірлескен оқыту әдісін күнделікті жұмыста қалай қолдануға болады?
Жауап: Бірлескен оқыту мақсатын іске асыру үшін, онлайн әдісін оның ішінде блогтарды көбірек қолданар едім.
Сыныпта рольдік ойын ойнағанша, басқа сыныптың оқушыларынмен веб-конференция өткізер едім.
Әріптестер, сіздердің ұсыныстарыңыз?
гульмира әріптесім вебконференция өткізгіңіз келсе ресурстар жұмыс істеп тұрса болды
және дамыту жоспарыңыздың тақырыбына сай ма ?
Гульмира, сізбен келісемін. Пәндік және педагогикалық біліміңіз керемет үйлесім табады деп ойлаймын.
Онлайн әдісі, веб - конференция өткізу әзірше көп мектептерге техникалық жағынан мүмкін емес тәрізді. Болашақта осындай әдістер көбірек қолданылады деп ойлаймын.
Дегенмен биз ойлагандай сатти шыгып жатса гой, ширкин!!! Желиде ар турли кедергилер кездесип жатады гой. Сонда да, бари жаксы болады деп сенейик! Табыс тилеймин!
Онлайн сабақтар мен вебконференциялар мұғалімдерді де, оқушыларды да қызықтырары сөзсіз. Алайда, Құлжеке айтпақшы, техникалық мүмкіндіктері шектеулі мектептер де бар ғой. Ондай жағдайда, Гүлмира айтпақшы, рольдік ойындардың да берері мол деп ойлаймын.