Құрметті әріптестер,білім негізі бастауышта қаланатыны баршаңызға аян.Бастауышта барлық пәннен бір ғана мұғалім сабақ береді және бір мұғалім күніне бірнеше пән бойынша дайындалуына тура келеді.
Осы мәселені жеңілдету әрі пәндік сапаны күшейту мақсатында біздің мектепте бастауышқа,яғни екінші сыныптан бастап пәндік жүйе енгізбек ойымыз бар.Мұнда бастауыштың бір мұғалімі тек бір пән бойынша параллель сыныптарға сабақ беретін болады.Сонда, біздің ойымызша,сапа да көтеріледі,әрі мұғалім уақыты да үнемделеді,әрі сағат санына да кедергі болмайды.
Бұл жөнінде сіздер не айтар едіңіздер?
Білім негізі бастауышта қаланады деген ойыңызбен толық келісемін. Бастауышта пәндік жүйе қалыптасса, оның да орта буынға берер пайдасы бар. Бастауыш сынып оқушылары бастауыш мектепте оқығанда бір мұғалімге үйреніп қалады да бесінші сыныпқа келгенде басқа мұғалімдерге үйренуі қиын болады. Осының салдарынан білім сапасы да төмендейді.