Инклюзивті оқытy
Құрметті әріптестер! Жаңа оқу жылдарыңызбен! "Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі"деп Я.А.Коменский айтқандай, қиындығы мен қызығы мол жұмыстарыңызға сәттілік,төзімділік,денсаулық тілеймін.
"Инклюзивті оқыту" туралы не айтасыздар?Біз осыған дайынбыз ба? "Үйден оқыту"деп бөліп тастаған жоқпыз ба?
Қытай балеті естеріңізде болар.(Интернеттен қараңыздар)Бір қолы жоқ қыз бен бір аяғы жоқ жігіттің биі ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.Жүректі селт еткізетіні рас.Өмірге мүмкіндігі шектеулі болып келсе де,үлкен сахнадан қимыл,қозғалысымен барша көрерменнің жүрегіне жол тауып,көзіне жас алғызып отырған өнер иелеріне басыңды игің келеді,бас иесің.
Ерлік дейміз ...Ерлік деген осы шығар. Өзіңді мойындату. Қоғам алдында . Әлем алдында.
Осы көрініс мүмкіндігі шектеулі адамдардың тасты жарып,тауды бұзатындай қабілетке ие екендіктерін дәлелдегендей болып көрінді маған."Сау адамдардың жасағанын біз де жасай аламыз,тек түсіне біліңдер" деп үн қатқандай.
Ал біз ше? Біз мүмкіндігі шектеулі адамдарды бала кезден бөліп тастаған сияқтымыз. Нағыз талпынатын кезде қанатынан қайрылған құстың кебін киетін сияқты болып көрінеді маған.Сіздер қалай ойлайсыздар?
Осындайда Абай атамыздың "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" деген қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Біз осы сөздің қадіріне жете алмай жүрген жоқпыз ба?
Олардың мүмкіндігіне шектеу қойып жүрген жоқпыз ба? Сол туралы ойланайықшы дегім келеді. Күнделікті күйбең тіршіліктің жетегінде жүріп,байқамайтындығымызды мойындайықшы.
Әріптестер! Ойларыңызды бүкпесіз жасырмай айтыңыздар. Сіздерді де толғандырып жүрген мәселелер аз емес деп ойлаймын. "Илегеніміз бір терінің пұшпағы" емес пе? Сіз не айтар едіңіз? "Үйден оқыту" десек те, олардың жан жүрегіне,жан әлеміне бойлай алмай жүрген жоқпыз ба? "Инклюзивті оқыту" мәселесін көп соза бермей қазір бастап кетсек болмас па еді деп ойлаймын. Әлде бұл қазір бастауға мүмкін емес шаруа ма? Сөзді қойып,іске көшкеніміз дұрыс шығар деп ойлаймын.Деңгейлік курстарды да бастап кеттік қой.Енді соза беретін не қалд
Денсаулығына байланысты мектепте білім ала алмайтын оқушылар бар. Оларды басқа балалардан бөлек, үйде оқыту дұрыс емес деп ойлаймын. Осы арқылы біз олардың кемшілігін баса көрсетіп отырған сияқтымыз. Басқа балалармен бірге оқыса, олардың өзіне деген сенімдері артады деп ойлаймын.
әрине, Зәуре мұғалім сізбен келісемін, біз инклюзивті мектеп туралы десе біріншіде күмәнмен қарадық, бірақ деңгейлік курстан өткеннен кейін сенімім артты, бұл мектеп тез ашылса екен деген ата- ана да күтіп жүрген сияқты балаларын кем көргісі келмейтіндіктен ғой, үйден оқытуға көп ата ана келіскісі келмейді сондықтан сізбен келісемін инклюзивті оқытуды ашса көпшіліктің алғысына бөленер еді.
Зәуре мұғалім сіздің бастап отырған бастамаңызды көріп ,үнсіз қала алмай отырмын,келешек ұрпақтың болашағы үшін үлкен ой қозғап отырғанныңыз анық ,мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құлшынысын арттыру мен өзіне деген сенімін дамытудың жолын ойластыру қажет деп білемін Өмірде өзіне тиесілі орын барын сезіндіріп, өмір сүруге деген құштарлығын арттырып ,үміт отын жағу көпшіліктің көмегі , соған бір септігіміз тиіп жатса үлкен істің орындалғаны деп бағалар едім ,әрине ойланатын жағдай
Зәуре мұғалім сіздің бастап отырған бастамаңызды көріп ,үнсіз қала алмай отырмын,келешек ұрпақтың болашағы үшін үлкен ой қозғап отырғанныңыз анық ,мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құлшынысын арттыру мен өзіне деген сенімін дамытудың жолын ойластыру қажет деп білемін Өмірде өзіне тиесілі орын барын сезіндіріп, өмір сүруге деген құштарлығын арттырып ,үміт отын жағу көпшіліктің көмегі , соған бір септігіміз тиіп жатса үлкен істің орындалғаны деп бағалар едім ,әрине ойланатын жағдай
Рахмет,әріптестер! Ойымыздың бір жерден шыққанына қуаныштымын.