kz ru en

Авторизация


Желілік қоғамдастық

Желілік  қоғамдастық мұғалімдердің өз қабілеттерін дамытуына, қалыптастыруына, білімі мен мектеп ішіндегі әлеуетін жетілдіруге арналған жобаларды басқаруға және жүргізуге көмектеседі. Бұл – мұғалімнің көшбасшылығы деп аталады. Мұғалім желілік қоғамдастық арқылы өзінің жинақтаған тәжірибесін қызығушылық танытқан әріптесімен бөлісе алады, сол арқылы ол өз мектебінде қоғамдастықтың ұяшығын құрады. Әрбір маман өз қызметінің ерекшелігіне сәйкес мектеп базасында біліктілігін арттыра алады. Желілік қоғамдастықта мұғалімдер өздерінің газеттерін шығарады, жыл сайын конференциялар өткізеді, көшбасшылықтың әртүрлі бағдарламаларын жүргізеді , болашақта өз әріптестерімен тәжірибесін бөлісе алады

13
6

Комментарии (13)

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Желілік қоғамдастық арқылы тәлім алушымен  жұмыс істеп жүрмін. Мен Bilimal порталы  арқылы Файлообменник арқылы материалдарымды саламын және тәлім алушыма мекенжайын жазып жіберемін. Соны тәлім алушым үйде ашып қарайды және соны сабақта пайдалануға тырысады. Осылайша басқа мектептермен де байланыс жасауға болады екен.

Касимова Дина,
Преподаватель

Куралай  рахмет,көп жұмыстар жасапсың.

Козыбаева Улбосын,
Преподаватель

Дина, қалыңыз қалай? Мен үшін желіде жұмыс жүргізу өте бір қиын мәселе болып тұр. Куралай сияқты комптьютерді жетік меңгермегендіктен болар. Бірақ талпыныстар жасап жатырмын.

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Касимова Дина Амангельдинова:

Куралай  рахмет,көп жұмыстар жасапсың.

Үлбосын апай, менің ойымша, мәселе компьютерді жетік меңгермегеніңізде емес, ең бастысы сіздің соны жетік меңгеруге талпынысыңыз. Бәрі ойдағыдай болады. Соған сеніңіз.  Алма Болатовна айтпақшы, біз бәрін істейміз, біз бәріне үлгереміз! Бізде бәрі сәтті өтеді! 

Касенова Бакытгул,
Преподаватель

Құрметті, әріптесім Дина! Осы мәселе мені мазалағантын. Енді міне жауап алғандаймын. Бір мектеп ішінде осылай жұмыс жасауға болады екен ғой. Мен басқа мектептің мүғалімдерімен жұмыс жасау керек деп ойлағанбын.Дина, ой бөліскеніңізге рахмет.

Сагатова Айгул,
Преподаватель

Дина, ортаға салған ой-пікіріңе  рахмет. Талпынған дұрыс қой, бірақ соған уақыт деген бағалы құндылықты жеткізе алмай әлекпін. Алғашқы ұйымдастыру жұмыстары енді ғана қалыпқа келгендей,  үлгереміз деген үміттемін.  Барлығыңа сәттілік!!

Балтабаев Кулжанбай,
Преподаватель

Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Динаның осы мәселені көтергені дұрыс болды.  Құралай осы бағыттағы өзінің нақты қадамдарын жазыпты. Бұл да болса көп әріптестерге  әжептеуір көмек қой.   Біздің осы бір - бірімізге ЦПМ, Білім ал арқылы осылай пікір жазып жатқанымыз желілік қоғамдастықтың жұмысының бір бағытына  жатпай ма? Мен өзім солай ойлап жүрмін.

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Құлжанбай ағаймен менде келіссемін. F есепте 500 сөз жазғанда осы блогтағы талқыланған мәселелер туралы жазамыз деп ойлаймын. Әріптестер мен дұрыс айтып отырмын ба? Желілік қоғамдастыққа жоспарға не жазу керек? 

Муханова Майра,
Преподаватель

Сәлеметсіздер ме, әріптестер!Мен Мой мир арқылы логинін "zhez gimnazia" деп атап, мектеп ішінде желілік қоғамдастық құрып жатырмын.Әріптестермен заманауи оқыту мәселелері туралы ой бөлісеміз, сұрақтарын қояды, осылайша семинар-тренингтер уақытын үнемдеген боламыз.Мектептегі мұғалімдердің бір-бірімен сөйлесуге де мұршалары болмай жатқан осындай кезеңде кәсіби білім толықтыруда пайдасы бар сияқты.Әрі қарай не болады, білмеймін.Жоспардың жайы да бұлыңғыр...

Касимова Дина,
Преподаватель

Кулжанбай дұрыс айтасыз,осыбір-бірімізбен порталда ой бөлісуіміздің өзі желілік қоғамдастықтың жұмысының бір бағытына  жатады.

Касимова Дина,
Преподаватель

Улбосын сіздің осы порталда  ой бөлісуіңіздің өзі желілік қоғамдастықтың жұмысының бір бөлігі.

Касенова Бакытгул,
Преподаватель

Желілік қоғамдастық арқылы бір-бірімізге беретін, бөлісетін жұмыстармен ауысуға өте тиімді екен. Өзіңе ыңғайлы уақытта қажет жұмысты алып қарай бересің немесе жібересің.

Касенова Бакытгул,
Преподаватель

Осы желілік қоғамдастықтың тағы бір пайдасы ол міне мынадай құттықтауды жолдауға болатындығында "Құрметті, әріптестер!Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Барлықтарыңызға сәттілік, табыс тілеймін"