kz ru en

Авторизация


Тема 2: Доминирующая роль в воспитании. Тақырып 2: Тәрбиедегі басты рөл.

Сообщение:  Совместная работа школы и семьи давно осуществляется.  Однако, в современное время,  в связи с модернизацией образования, взят ориентир на усиление воспитательного компонента в учебных заведениях. Школа, призванная ранее, в первую очередь, обучать, теперь в большей степени должна будет воспитывать.

      Чья роль важнее в воспитании ребенка, семьи или школы?

Хабарлама:  Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы ертеден іске асырылуда. Бірақ, қазіргі заманғы уақытта, білім берудің модернизациясына байланысты, білім беру мекемелері тәрбие компонентін күшейтуге бағытталған. Ертеректе, алдымен білім беруге шақырылған мектеп, қазіргі уақытта көбінесе тәрбиелеуге міндетті болады.

     Бала тәрбиесінде кімнің рөлі маңыздырақ, отбасының немесе мектептің?

 

10
5

Комментарии (10)

Павлова Инна,
Преподаватель

В воспитании ребенка доминирует  роль семьи, а школа, является местом, где проявляется результат этого воспитания, который немного отшлифовывается.

Жаппарова Гульнара,
Преподаватель

Считаем, что в семье закладывается основа нравственного поведения  с самого раннего детства. Однако, родители сегодня озабочены тем, что нужно обеспечить материальные блага своим детям, при этом воспитательная функция отходит на второй план.Современные родители сами отличаются низким уровнем воспитанности, не интересуются литературой по данной теме, отсутствует саморазвитие у большинства родителей. Наблюдается небогатый словарный запас, а зачастую преобладает нецензурная речь в присутствии своих детей. Мы думаем, что воспитание детей будет результативным, если родители займутся самовоспитанием. Поэтому общественности нужно задуматься над созданием "школы родителей", где возможно было бы получить квалифицированну. консультацию специалиста, поделиться своим опытом, поучиться у других родителей, поучаствовать в тренингах.

Өткен ғасырдың адамы ретінде "отбасы шағын мемлекет" деген ұғыммен толық келісемін. Бала тәрбиесін әр салаға бөлуге болады. Үйде балаға қарау ата - ананың міндеті болса, екінші мектептің, үшінші қоғамның тәрбиесінде болады. Бала тәрбиесі -  күрделі іс. Бұрынғы тәрбие мен қазіргі тәрбиенің арасы жер мен көктей, көзқарастар да өзгерген. Ұстаз жанашырлығы ата - анамен бірдей болу керек. Әр ата - ана өзінше психолог болып, баласының мінез-құлқын түзетуге тырысып, жас ұрпақты тәрбиелеуде жан - жақты ат салысуымыз керек. 

№ 92 гимназияның 8 сынып оқушысының әжесі Мұқанова Зикім.

Мектеп пен ата -ана біріккен іс - әрекет барысында ынтымақтастық қарым - қатнаста болып, мәселелерді бірігіп шешу керек. Оқу бағдарламасы күрделенгендіктен балаға жан -жақты қолдау керек. Осы тұста маңызды қызмет ұстаз шығармашылығынан көрінеді. 

№ 92 гимназияның  4 сынып оқушысының ата -анасы Укенов Кенжебек Серікбекович.

Бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата -ана дегенге келісе отырып, ең бастапқы білімнің ірге тасын қалаушы ұстаз деп ойлаймын. Ата - ана мен ұстаз арасындағы қарым - қатынастың тығыз болып, тәрбие екі жақты қаланса нұр үстіне нұр болар еді.

№ 92 гимназияның 1 сынып оқушысының ата -анасы Ахметова Мейрамгүл Сержановна.

Алтынбаева Бакытжан,
Преподаватель

Ата - ана  -  бала  тәрбиесіндегі  басты  тқлға.  Сондықтан  әке  де,  шеше  де  балаларының  жан  дүниесіне  үңіліп,  мінез - құлқындағы  ерекшеліктерді  жете  білгені  жөн.  Балалармен  әңгімелескенде  олардың  пікірлерімен  де  санасып  отырған  орынды.  Өз  баласымен  ашық  сөйлесе  алмай,  сырласа  білмейтін  ата - аналар  "Екеуіміз  де  жұмыстамыз,  кешкісін  үй  шаруасынан  қол  тимейді,  баламен  сөйлесуге  уақыт  жоқ"  дегенді  айтады.  Бұл  дұрыс  емес.  Баламен  сөйлесуге  тіпті  арнайы  уақыт  бөлудің  қажеті  жоқ.  Әке  мен  шеше  ұл - қыздарымен  үй  шаруасында  жүріп - ақ  әңгімелесіп  ой  бөлісуге  неге  болмасқа?!  Жанұядағы  жанжал,  үлкендердің  аузына  келген  сөздерді  айтуы,  баланың  көзінше  басқа  біреуді  сөгуі,  біреудің  сыртынан  өсек  айтуы  балаға  теріс  әсер  етеді.  Бала  алдында  әке - шеше,  үй  ішінің,  үлкендердің  әдептілік  танытқаны  жөн.    №12  ЖББ  ОМ.

Бектібаева Гүлмира,
Преподаватель

Мектеп тәрбиесі де, отбасылық тәрбие де айналып келгенде бір ғана нәрсені көздейді.Ол жеке тұлға, қоғамның саналы азаматын тәрбиелеу.Бұл тәрбиелердің ішінде балаға ең маңыздысы отбасы тәрбиесі болып табылады.Себебі бала жарық дүниеге келгеннен бастап барлық ақпаратты, тіршілік дағдыларын отбасынан алады, айналасын таниды, еңбекке араласады. Қазіргі таңда, өкінішке орай, отбасы тәрбисінің рөлі төмендеп барады.Бұған себептер де көп: қайтсем көбірек қаржы табам деген ата-аналардың жұмысбастылығы, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау, ата-аналар арасындағы өзара келіспеушіліктер т.б. Нәтижесінде біз өз балаларымызды жоғалтамыз, адамгершілік қасиеттерден жұрдай,зиянды әрекетттерге үйір,бей-берекет жүретін,некеге,отбасылық өмірге,ізгі дәстүрлерге қолын бір сілтеп мысқылмен қарайтын жастардың қайдан шығып жатқанына мән бермейміз. Ал бұл жағдай түптің түбінде отбасылық дәстүрлерді,тіпті қоғамның өзін тоқырауға ұшыратпасына кім кепіл.

Ибраева Акмарал,
Преподаватель

Мектептің рөлі зор. Тәрбиедегі басты рөль баланың тәрбиесіотбасынан басталады, балаға бірінші рөль ата-ана тәрбие беру керек Баланың мектептегі тәрбиесі мектепте қадағалау екрек. Этикаға тәрбие ұйде де мектепке де керек. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі өте зор. Отбасындағы тәрбие баланың мінез құлқына, іс-әрекетіне, оның зандай адам болып шығуына байланысты

Иоцус Светлана,
Преподаватель

Итоги конференции школы-гимназии № 1 по данному вопросу свелись к следующему выводу: воспитание не должно быть доминирущим, оно должно быть совместным (эта мысль уложилась в народной мудрости: одна голова- хорошо, а две -лучше). Родители и учителя сошлись во мнении без дополнительных обсуждений. При этом высоко оценили труд преподавателей нашей школы. Можно сказать, что школа является единой семьей единомышленников. Но все-таки в одном из письменных ответов(анонимных) прозвучала мысль: пусть воспитывает школы, родителям некогда это делать. Сделали вывод, что ликбез для родителей в данном направлении НУЖЕН.

Терентьева Ирина,
Преподаватель

Нам только ещё предстоит проводить анкетирование родителей (запланированы и вопросы касающиеся этой проблемы) ,однако в нашей школе ликбез с родителями постоянно проводят психологи (за что им большое спасибо). Развитие родительской компетентности в вопросах воспитания - одна из задач  современной школы, но в Конституции прямо сказано, что ответственность за воспитание детей несут родители.

Козыбаева Манара,
Преподаватель

Ең бірінші тәрбие отбасынан басталады.Отбасынан тәрбиені көрген бала әрқашан да өзін тәртіпті,тәрбиелі ұстайды.Ең басты тәрбиені ата-анасы баласының бойына сіңіреді.Мектептегі тәрбиенің де зор маңызы бар.Тәрбиелі бала үлкенді сыйлау,кішіге құрмет көрсету керектігін, барлық іске жауапкершілікпен қарау керектігін біледі.

Лучкова Татьяна,
Преподаватель

Семья, Это однозначно. Доминирующая роль принадлежит - семье. Семь это первый социальный институт, где ребенок социализируется, получает основные ценности и нормы. И она несет в-первую очередь ответственность за ребенака (даже с юридической точки зрения). И школа играет свою роль в становлении личности ребенка.