Бірнеше геометриялық фигураларды сәйкестендіру амалын жасайық.Егер,қате қойылса таңдалған объект бастапқы орнына қайта орналасуы қажет.Сонымен бастаймыз.
Жаңа флипчарт жасаймыз.
Бетке қалаған түсіңізді таңдаңыз. Мен сары түсті таңдайын.
Негізгі тақырыпты және қажетті геометриялық фигуралардың атауларын еңгіземіз:
Құрал-саймандар (инструменты) арасынан Фигура бөліміне кіріп тіктөртбұрыштарды сызамыз (Бұлар бізге континер қызметін атқаратын болады):
Флипчарттың төменгі бөлігіне,жазылған геометриялық фигуралардың атауларына сәйкес фигураларды сызамыз (ақ түстегі төртбұрыштардын пішіндері кіші болуы шарт) және оларды шашыратып орналастырамыз.
Флипчартты сақтаймыз.
Енді КОНТИНЕР қызметін қосамыз.
Біз геометриялық фигураларды тіктөртбұрыштардың ішіне орналастырмақшымыз. Егер пішін дұрыс таңдалған болса,тіктөртбұрыш оны қабылдауы керек. Кері жағдайда,оны бастапқы орнына қайтарады.
Бізде, ақ түстегі тіктөртбұрыштар континер қызметін атқарады және оларға геометриялық пішіндер сәйкес орналасуы керек.
Объект континер болуы үшін,ол геометриялық фигуралардың астында тұруы керек.Тексереміз.Ол үшін,кез-келген пішінді алып,ақ түстегі тіктөртбұрышқа орналастырамыз. Пішіндер соңынан жасалғандықтан олар үстіне автоматты түрде орналасады.Егер пішіндер ақ түсті тіктөртбұрыш астына кетіп қалса,онда оларды алдыңға қатарға шығаруымыз қажет болады.Ол үшін,шіннің үстіне оң жақ батырманы басып,алдыңға қатарға шығару бұйрығын орындаймыз.
Бірінші тіктөртбұрыштың үстіне оң жақ (мышка) батырманы басып,фигураның басқарылу бөлімшесін ашамыз (Обозреватель свойств).
Контейнер командасын таңдаймыз.
Тізімнен Қабылдауы мүмкін (Может содержать),Арнайы нысан (Определенный объект) таңдаймыз.Осы бөлімдегі белгісін таңдаймыз және қызыл тіктөртбұрышты таңдаймыз,өйткені осы пішін бірінші континерге орналасуы қажет.
Төмендегі суреттегідей қажетті баптауларды қоямыз.
Осылайша қалған ақ түстегі тіктөртбұрыштарға да осылайша сәйкес пішіндерді қойып шығамыз.Шаршы,үшбұрыш,бесбұрыш.
Енді,қате қойылған пішінге арналған амалдарды орындаймыз,яғни,пішін қате қойылса,бастапқы орнына қайтарылуы қажет.Геометриялық пішіндердің біреуінің басқару бөлімшесін (Обозревателя свойств)ашамыз. Контейнер -Бастапқы орнына қайту (Вернуться на место, если не содержится) қатарынан РАС баптауына өткіземіз.
Осылайша қалған үш пішінге де осы амалдарды орындаймыз. Ең оңай жолы,үш пішінді бірден таңдап (выделить) басқару бөлімінен (Свойства) бір рет орындау арқылы бүкіл пішінге арнайы баптауды енгізуге болады.Көрініс,төменгі суреттей болады:
Енді,барлық ақ түстегі тіктөртбұрыштарды белгілеп (выделить) тосқауылдар қоямыз.Ал,геометриялық пішіндерге тиіспейміз,өйткені олар қозғалу мүскіндігіне ие болуы керек.
Флипчартты сақтаймыз.
Жасалған амалдардың дұрыс жұмыс істеуін тексереміз.Осымен бүгінгі дәрс аяқталды.Сәттілік!
Сізге көмегі тидіме?