kz ru en

Авторизация


ЭОЖ шығу тарихы мен қоғамдағы орны.

ElitePad 900 — толығымен алюминийден жасалған 10 дюймдік планшет. HP дизайнерлерінің оның корпусына таңдаған түсі тұрақтылықтың әсерін береді. Осы ретте оның ашық күміс түсті реңкі бірінші буынға жататын iPad-ты еске түсіреді, алайда ElitePad 900 өзіне дейінгі әйгілі планшеттердің «алғашқы қарлығашының» көлемімен салыстырғанда аса үлкен емес.

Планшетті ұстап көргеннен кейінгі аз уақыттан соң, «үйреншікті жұмыс үстелі, «Пуск» батырмасы қайда?» деген алғашқы ой келеді. Бұл оғаш естілуі мүмкін екенін білем, алайда бүкіл саналы өмірін Microsoft-тың жұмыс үстелін көруге және «Пуск» батырмасын пайдалануға еті үйренгендер үшін жаңа жүйеге көшу біршама ауыр болмақ. Осы ретте адам кез келген нәрсеге үйренетінін еске түсірер болсақ, бұған да үйреніп кетеріміз анық, бірақ бұл өзге тақырып.

Планшет экраны 1280 x 800 пиксель бірліктегі бейнені көрсете алады. 8 мегапиксельдік негізгі камерасына қоса, құрылғы 2 мегапиксельдік алдыңғы камерамен жабдықталған. Сонымен қатар, негізгі камера 1080pх дейінгі сападағы видеоны түсіре алады және жарықдиодты жарқылдақпен қамтамасыз етілген. Бүйірінде «түйреуіштің» көмегімен ашылатын дәнекерді (разъем) табуға болады. Арт жағында дыбыстың қаттылығын реттеуге арналған жалпақ түймешені көруге болады, ол көз салмастан, саусақтың сипалауымен табуға болатындай етіп шығыңқы жасалған.

Жоғарыда айтып өткенімдей, такт жиілігі 1,80 Ггц құрайтын Intel Atom Z2760 екі ядролы процессоры негіз етіп алынған. 64 гигабайттық қатты дискісі бар 2 гигабайтты жедел жады да айтарлықтай жоғары. Құрылғының салмағы — 630 грамм. Әжептәуір сипаттамаларының арқасында планшеттің ішкі жады мен толық жарамды USB-хостке жалғанатын сыртқы жад арқылы 1080p сапасына дейінгі фильмдерді көруге болады.

Зарядкасы бір күнге жетеді, дегенмен, бұл үлгі басынан бастап іскер пайдаланушылардың қажеттіліктеріне арнап шығарылғандықтан, планшет әлдеқандай үлкен және күрделі міндеттерді шеше алмайды. Жалпы ақпарат ретінде айтарым, аккумулятор 10 сағатқа дейінгі автономды жұмысты қамтамасыз ете алады, оның жұмыс жасау ұзақтығын қосымша аккумуляторы бар тыстықты қолдану арқылы тағы 6 сағатқа арттыруға болады.

Қазіргі тақырыбымызға оралар болсақ, ElitePad 900 ылғал, шаңның әсерінен, температура өзгерісінен қорғалған, сондай-ақ, соғылып не қолдан түсіп кететін болса, оның бәріне шыдас беретіндей етіп жасалған. Оның үстіне, гаджеттің қатты дискісінде сақталатын ақпаратты қорғайтын ақылды қауіпсіздік жүйесі де бар.

Корпустың жоғарғы жағында микрофондар, экранды қосып-өшіруге арналған түймеше, құлаққапты қосуға арналған дәнекер, сондай-ақ, экранды автоматты түрде бұруға арналған жеке ауыстырып-қосқыш орналасқан. Экранның орналасуын басқаруға арналған түймешенің болуы – дұрыс шешім: түймешені тез басып, планшетті аударып, экранға тимей-ақ, оны осы орында қайта қатырып қоюға болады.
Келесі құрылғы док-станция болуы мүмкін. Планшет Windows 8 жүйесінде жұмыс жасайтынын ескеретін болсақ, ол толық жарамды жұмыс құралы бола алады. Ол USB 2.0 нұсқасындағы 4 порт, HDMI және VGA, құлаққапқа арналған 3,5 мм тесік, RJ-45 және қуат көзін қосу секілді барлық қажеттілермен жабдықталған.

Планшет өз сегментінде, атап айтқанда, бизнес-қауымдастық арасында көшбасшы болуға жақсы мүмкіндігі бар, өйткені жедел әрі күрделі емес міндеттерді шешуге арналған даусыз артықшылықтарға ие. Ол қолда жақсы сезіліп, ұстауға ыңғайлы. Осы ретте ол кез келген уақытта стандартты дербес компьютерге айнала алады. Windows-тің 32-биттік нұсқасы мен кіріктірме жедел жадының көлеміне байланысты планшеттің мүмкіндіктерін кеңейтуге болмайтындығын оның кемшілігі ретінде атап өтуге болады.

Маған осы планшетке түрлі қосымша құрылғыларды қосуға болатындығы бәрінен бұрын ұнады, қалаған жағдайда жақсы жұмыс компьютерін құрастырып алуға әбден болады! Өзіңіз ойлап көріңіз, қосымша зарядканы, пернетақтаны, стерео-жүйені қоссаңыз болды, сіз планшетпен емес, нағыз компьютердің өзімен жұмыс жасай аласыз. Егер сіз мәтіндік құжаттармен көп жұмыс жасайтын болсаңыз, Bluetooth арқылы HP Slim сымсыз пернетақтаны қосқан жөн. Пернетақта ААА түріне жататын екі батареядан қуат алып, 10 метрге дейінгі қашықтықта жұмыс жасай алады. Пернетақтаны қосу бар-жоғы 270 г салмақты тартады.

 

Ал,сіз қалай ойлайсыз?

2
4

Комментарии (2)

Алдияров Кубейсин,
Пользователь

Сіздің қосарыңыз бар ма?

Исатаева Гаухар,
Преподаватель

рахмет......