Саламатсыздарма?12 жылдық жүйеге өту үшін,білсесіздер көптеген дүние қажет.Мысалы мектептің материалдық базалары жаңартылуы қажет.Ондағы компьютерлік техникалалар мен заман талабына жауап бере алатын бағдарламалық қамтамасыздандырылуы,кітапхана базасы мен электронды оқулықтар.Ең маңыздысы психологиялық көмек.Яғни,біз жастарды дайын дүниеден ғана пайдалану емес,сол дүниеге өз күшімен жетуге үйретуіміз керек.Оқушыларды және ата-аналарды ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУға бағыттауымыз керек.Өзін-өзі басқару жүйесі-бүгінгі және ертеңгі заман талаптарының бірі екеніне мен 100 пайыз сенімдімін.Қазіргі ата-ана,барлық жүктемені мұғалімдерге жүктеп қойған,демек,"Баланың оқу қабілеті,оның оқуға,білімге деген қызығушылығы тек мектеп мұғалімдеріне ғана байланысты" деп түсінеді.Шын мәнінде,мектеп мұғалімі,балаға тек бағыт-бағдар ғана бере алады.Ал,таңдау баланың өз құзырлығында.бала таңдауына қарай,оның сол бағытқа қалыптасуы мен дамуының алғашқы сатысын ғана құра аламыз.Осынау бір сандық-ақпараттық кезенде,жастардың өзіне қажетті ақпаратты өзі таңдай білуі,ата-ананың өз баласының тағдыры өз қолында екенін жете түсінуінсіз мектептегі сынып сандарын (12 жылдыққа өту) көбейтудің маңызы болмай қалады.Сондықтан,мен мектептерде 1-9 сыныптарда өзін-өзі басқару жүйесін еңгізуді ұсынар едім,ал сіз қалай ойлайсыз?
Сіздің қосарыңыз бар ма?
Дұрыс пікір қосылам.....
Негізі материалдық база мықты болу керек...
Алдымен,психологиялық дайындық керек сияқты...