Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде зор қызығушылықпен оқыту, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру - ұстаздардың еншісінде.
Еліміздің болашағы, бүгінгі жас ұрпаққа тиянақты да терең білім беріп, ой-өрісін кеңейтуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің алатын орны, мән-мағынасы ерекше. Мемлекеттік тілді, туған жерін, туған елін қастерлей білуді, оның тамыры тереңге кеткен тарихымен бірге жасасып келе жатқан сөз өнерінің құдіретін, адам өмірінің әр кезеңдерінен көрініс беретін салт-дәстүрлеріміздің сырын ұғына білуді шәкірт бойына сіңіретін ең негізгі пәндер де осылар деп ойлаймын