Бүгінгі күн адамы игеруге тиісті, қазіргі уақыт қойып отырған экономикалық және азаматтық талаптар:
- Өзгерісті тез сезіне алуға мүмкіндік беретін білім;
- Болашақта білім алуға көмектесетін берік базалық білім;
- Қажет метатанымдық, жоғары деңгейде ұйымдастырылған танымдық ойлау дағдылары;
- Таныс емес проблемаларды шешуде білім мен дағдыны қолдану тәжірибесінің молдығы;
- Сенім мен ынтымақтастыққа негіз жасайтын азаматтардың жалпы ережелерін және әртүрлілігін құрметтеу;
- Ақпараттық комуникативтік техникалық құралдарды білім алуға қолдана білу
Осы талаптардан төмендегі қажеттіліктер туындауда:
- Мемлекеттік басқаруға – білім беру мазмұның өзгерту;
- Мұғалімдерге – неге оқыту керек? және қалай оқыту керек?
- Оқышыларға – заман талабына сай білім алу, жетілдіру
Проблема қазіргі білім беру жүйесі тиімділігінің мына факторларға байланысты төмендеуінде:
Біздегі білім беру бағдарламасы оқушылар меңгеруге тиісті білім, дағды стандартын емес, мазмұнды спецификациялау болып табылады;
Оқу жоспары өте көп пәндерден тұратындықтан, оқыту еріксіз үстірт болуда, мұғалім мен оқушылардың мазмұнды талдауға, сұрақтар қоюға, командада немесе жеке жұмыс істеуге уақыттары жоқ;
Оқу жоспары, оқулықтар мен үйренуге арналған материал әрекетінің икемді құралдарынан гөрі есте сақтауға арналған фактілерден тұрады. Интернет мүмкіндіктері мен баспа материалдарына қол жету жеңілдеген ақпарат ғасырында фактілерді есте сақтаудың маңызы төмендеп, оның орнына ақпаратты өзінше өзгерту, бағалауға қабілеттілік ерекше маңызға ие болуда. Бұл жерде мазмұнды іске асыру мұғалім – сарапшы, оқушы – білімді пассив қабылдаушы ретіндегі ролдерін қатаң бөлуді білдіреді.
Мұғалімге бұлай тәуелді болу жоғары деңгейде ұйымдастырылған және метатанымдық ойлау дағдысының дамуын төмендетеді. Ал метатанымдық ойлау дағдысы нарықтық экономиканың ғаламдануы жағдайында өте маңызды қабілет.
Осыған байланысты қазіргі сабаққа қойылатын талаптар да өзгереді. Сабақ тиімді, оқушының бойында алған білімнің әсері айтарлықтай болу үшін келесі талаптар қойылады:
• сабақты жобалау (жоспарлау);
• оқыту әдістерінің өзектілігін ескеру;
• тірек білімі болуы;
• оқушының қызығушылығын таныту (жұмыс әдістерінің әртүрлілігі);
• бақылау және бағалау (сынақ, тест,т.б.);
• өзара бақылау;
• мұғалімнің ұйымдастырушылық рөлі (мұғалім бес – жеті минуттан артық сөйлемеуі керек);
• іс-әрекетінің мотивациясы;
• оқушы мен мұғалімнің ара қатынасы;
оқушының өзін-өзі бақылауы;
оқушылардың бір бірінің жұмыстарының бағалауы;
танымдық іс-әрекеті;
білім алу, тәрбиелік, дамытушылық аспектісі;
сабақтың мазмұнын сақтау
Сабаққа қойылатын Сіз тоқталған талаптарға толығымен келісемін.
мен де