kz ru en

Авторизация


Оқыту үрдісіндегі интерактивті әдістердің тиімділігі

Бүгінгі ақпараттық қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында ақпараттық коммуникативтік технологияны оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндігін кеңейтеді.

Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді.  Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Интерактивті оқытуда, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуына, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды, түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндік болады. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады. Интерактивті ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің әдістердің мәндік жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, рухани бірігуі .

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде –өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінге таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Интерактивті құралдар, яғни интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажетті ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары  сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.

Интерактивті тақта – бұл сабақта ақпараттың барлық түрін бейнелеуге мүмкіндік беретін және қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Оқыту барысында интерактивті тақта мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютер арнайы программалық жабдықтамалармен қамтамассыз етілу қажет. ACTIVstudio  программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. ACTIVstudio бағдарламасын іске қосқаннан кейін, таза ақ бет ашамыз – ол флипчарт деп аталады.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

Қорыта келгенде, интерактивті тақтаны оқытуда пайдалануда тиімділігі мол: біріншіден, терминдер мен басқа да ақпараттарды тақтаға жазу, сол сияқты графиктік элементтерді сызу көп уақыт алады. Сонымен қатар, кейде тақтадан өшіп қалған бейнелерге байланысты сұрақтар туады, сол кезде оларды қайтадан сызуға тура келеді. Интерактивті тақта мен оның құралдарын пайдаланғанда алдыңғы жұмыстың ешбірін өшірмей-ақ кез келген уақытта пайдалануға болады, егер сабақ кезінде қандай да бір оқушы экрандағы барлық ақпаратты көшіріп немесе тапсырмаларды орындап үлгермесе, онда ол интерактивті презентациялардағы қажетті материалды қайта шығарып алып, сабақтан кейін де орындауына болады, сондай-ақ оқушылардың кейінірек берілуге тиісті ақпаратпен сабақ басталар алдында танысып алуға мүмкіндігі бар. Түсті ерекшелеу, қаріпті өзгерту, анимация құру және тағы басқадай флипчарт элементтері  көмегімен оқушының назарын басты мәселеге аудартуға мүмкіндік бар. Түсіндірілуі  қиын күрделі оқиғалар мен құбылыстарды визуалды бейнелеу модельдері арқылы жеңіл беруге, талдауға болады және осы процесстерге кері байланыс орнатылады. Интерактивті әдіс оқыту барысында сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейнелік ақпараттардың барлық түрін біріктіре отырып өзара белсенді орта құрудың таптырмас құралы.

тег: мектеп
1
6

Комментарии (1)

Рахимова Асылтас,
Преподаватель

жақсы