Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері оқушылар достарынан бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді .
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топқа мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Топтық жұмыс барысындағы ережелер:
- кезекпен сөйлеу
- белсенді тыңдау
- сұрақтар қою, бір бірінің сұрағына жауап беру
- өз пікірлерін айту, басқалардың пікірлерін тыңдай білу
- өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу
- ұжыммен ортақ пікірге келе білу
- сыныптастарына көмек көрсете білу, өзі де көмек сұрай білу
- түсініктеме беру, түсінбегеніне дәлелдеме сұрау
- ұсыныстарды бағалай білу
- топпен ортақ шешімге келу
- талқыланған сұрақтың нәтижесін шығару
- өз пікірін дәлелдей білу
- тапсырманы берілген уақытта орындау
Топқа бөлудің нәтижесі күннен-күнге өз ықпалын беріп бастады десем, әріптестерім мені құптайды деп ойлаймын. Менің байқағаным:
Сізбен келісе отырып, менің қосар ойым:
- оқушылардың шынайы қызығушылығы артады.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталанады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
иә. рахмет пікіріңізге
Нағыз ауыз біршілікке ,ұйымдаса жұмыс істеуге бастар жол. "Төртеу түгел болса ,төбедегі келеді.Алтау ала болса ауыздағы кетеді". Топтық жұмыс маған да ұнайды.