Білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
Ұсынылып отырған бағдарламаның 2-4 сыныптардың негiзгi идеясы оқушылардың ойлау қабiлетiн компьютерлiк дамытушы ойындар арқылы дамыту мен өзiндiк танымдық iс-әрекеттерiн ақпараттық ортада қалыптастыруға бағытталған.
Бұл бағдарламаның тиiмдiлiгi оқушылар 5-сыныпта Информатиканы оқытуға дайын келедi және мемлекеттiк бiлiм стандарттарын терең меңгеруге мүмкiндiк бередi.
Информатика пәнiн оқыту арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттiң негiзi болып саналатын коммуникация мен түсiнiктердiң, ойлаудың математикалық негiздерiн меңгередi.
Сонымен, ұсынылып отырған оқу бағдарламаның мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамның негiзгi талаптарын қанағаттандыратындай деңгейге жеткiзу болып табылады.
Алғашқы кезеңде информатика пәнiн мектепте оқытудың мақсаты-жеке тұлғаның өзiне, қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзi дамытуға жағдай жасау. Бұдан бiлiм беруде информатика саласын мектепте оқытудың негiзгi төмендегi мақсаттары туындайды: