"Бала -күйсандық, оның тілін таба білу керек", - деген болатын қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев. Міне, ақын айтқандай, күйсандықтың бірде тілін тапсам, бірде шертуінен жаңылысып, баланың жанына үңілген сайын, нәзіктігіне таң қалып, әлі де ұғына алмай, "жұмбақ әлемде" келе жатқаныма біраз жыл болыпты. Әрине, әріптестерім бұл сөзіме ренжи қоймас, өйткені әр заман ағымының өз талабы бар.Соған орай, әр бала өз ортасына, өз заманына бейімделіп өседі....
Мен үлкен арманмен мектеп есігін ашып, дәріс берген жылдарым - Кеңес Одағының құлдырай бастаған кезеңіне тап болды. (Менің құрдас, үзеңгілес келе жатқан әріптестерім мені жақсы түсініп отырған шығар деп ойлаймын).
Ол кездегі оқушы түсінігі мен оқу бағдарламасының да қарапайым екені бәрімізге белгілі. Қазіргі оқушының көзқарасы мен бағдарламаның да күрделі екенін тек мұғалімдер қауымы емес, ата-аналардың да байқағанына біраз болған сияқты. Өйткені бала қаншама ақпараттық құралдардың арқасында дамыды. Баланың да, қоғамның да сұранысы, яғни заман талабы да күшейді.
Бала бағбаны - мұғалім ғана өз орнын жоғалтпай, көне мен жаңаны саралауда. Қайткен күнде де тәрбиемен бірге берілетін білімді көздеуде.
Міне, нәзік пернелі күйсандық - сенің жаныңа әртүлі көңіл-күй сыйласа, сенің білімің мен біліктілігің арқылы қоғамға саналы, өскелең ұрпақ келеді. Ол - болашақтың тұтқасы. Тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан нәзік шәкіртің дүниенің тетігіне кірпіш болып қаланып жатса, ол - сенің ұстаздық қасиетіңнің жемісі. Демек, қанша жыл ұстаздық етсек те, алдымыздағы баланың нәзік күйінен ауытқымайық дегім келеді...
Тәрбиелеп шәкірттерді саналы, Биік шыңнан көрінсін тек жеңісі,
Ұстаздардың мәуе бағы жанады. Көбейе берсін күннен-күнге жемісі.
Шәкірттері озып жатса өзінен Ұстаз деген бағбаны ғой баланың
Бұл - ұстаздың ең алғашқы талабы. Ал баланың арта берсін ырысы!
Ұстаздық жайлы толғанысыңыз өте әсерлі де тартымды екен. Еңбегіңіз жемісті болсын!
Сіздің ойыңызбен келісемін. Еңбегіңіз жемісті болсын!