Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады, әрі олар қолдау көрсетіп отыруға тиіс, сондай-ақ тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру қажет. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.
Сонымен қатар, сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін.
Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.
Сабақта оқушылардың өздеріне білім алуға бағыт бере отырып жұмыс жасатуды осы сабақтан көре аласыздар: http://sabaq.kz/9025/%D2%AF%D0%B9%D1%96%D2%A3%D0%B4%D1%96-%D1%81%D2%AF%D0%B9%D1%81%D0%B5%D2%A3-%D0%BE%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D1%8B-%D1%81%D2%AF%D0%B9/
Мен сізбен келісем топтық жұмыстың сабақ өткізгенде тиімділігі зор.