kz ru en

Авторизация


Диалог

Диалог:

оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

 

Егер білім игеруде мұғалім дайын білім берсе, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады.

Осыған орай, әр сабақта оқушыларға жаңаша жұмыс жасау түрлерін үйреткен жөн: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер жасау, оларды бірігіп түзету арқылы  түсіне отырып, тәуекелге барады

 

Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:

уақытты ұтымды жоспарлауға;

инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға; 

топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға; 

топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға; 

тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

0
5

Комментарии (0)