Тақырыбы: «Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде көптілді тұлға қалыптастыру»
Мақсаты мен міндеттері:
1.Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытып, сөздік қорын байыту;
2.Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, терең біліммен қаруландыру;
3.Көптілді меңгерген әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту, білімді, дарынды, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды стратегиясы ретінде мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуі, бәсекеге қабілетті саналы тұлғаны қалыптастыруы тек қана ұстаздың берген білімімен бағаланады.
Тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген көптілді тұлғаны қалыптастыру бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі болып табылады.
Бәсекелестік – қашанда дамудың басты құралы, ал қабілеттілік – кез келген іс-әрекеттің тиімді шешілуіне икемділік. Бұдан шығатын қорытынды: Қазақстан халқы бәсекеге қабілетті болу керек, ол қабілеттілік ұлттың бейімділік деңгейімен анықталады.
Сабақ өту барысында ұлттық білім беру жүйесінің негізгі бағыттарына сүйене отырып, жаңа технологиялық әдістерді қолданып, балаларға сапалы терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіріп, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткіземін. Өзара еркін сөйлесу нәтижесінде оқушылар өздерінің бұған дейін алған фонетикалық, лексикалық және грамматикалық білімдерінің жиынтығын көрсете алады.
Сабақ барысында жоғары сынып оқушылары үшін үш тілді меңгеру мақсатында кейбір мәтіндерден салыстыру үзінділерін пайдаланамын.
Қазақ тілінде: Наурыз көп ұлтты Қазақстанның барлық халықтарының мейрамына айналды.
Орыс тілінде: Наурыз стал праздником для всех народов многонационального Казахстана.
Ағылшын тілінде: Nauryz has become the holiday of all multinational people of Kazakhstan.
Сондай-ақ сабақтан тыс өткізілген іс-шаралардың Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты композициялық кеш, «Мен қазақ елінің азаматымын» пікірталас, Абайтану курсы бойынша «Мен бір жұмбақ адаммын» поэзия кеші,Мұқағали Мақатаевтың творчествосына арналған, «Жырлайды жүрек» атты композициялық кештің жоғары деңгейде өтуі поэзияға деген сүйіспеншілікті арттырып, оқушылардың өлең жазуға құлшынысын қалыптастырды.
Осындай игі іс-шаралардың нәтижесінде «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық айтыстарда оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болса, қазақ тілі және әдебиеті пәнінен облыстық олимпиадада ІІІ орынға ие болған оқушыларымызды мақтанышпен айта аламыз.
Жалпы, қазағымыздың бас ақыны Абай орыс тілін, орыс мәдениетін, орыс әдебиетін білуге, үйренуге шақырған.
Біздің мектеп оқушылары бұл тілді жетік меңгерген. Өйткені бұл тілде әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, «EXPO-17» дебаты, « Язык мой – друг мой» кеші, тақырыптық дебаттар, орыс тілі және әдебиетінің апталығында интеллектуалды ойындардың тақырыпқа сай ұйымдастырылуы оқушылардың тілге деген құрметін білдіреді.
Орыс тілінен халықаралық «Русский медвежонок» байқауының жүлдегерлері де ұстаздарының ерен еңбегі арқылы жетістікке жетіп, қалалық олимпиадаларда жақсы қырынан көрінуде.
Халқымыздың «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деуі бекер емес. Осы мақсат пен міндеттерді шешу барысында мемлекеттік тілде білім беретін мектебімізде үштілділікті меңгеруді жете түсіндіру мақсатында әр түрлі қызықты, танымдық деңгейі жоғары шаралар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, «Play, think, learn» интеллектуалдық ойын. Сондай-ақ «British bulldog» интеллектуалдық ойын жүлдегері, ағылшын тілінен облыстық кіші ғылыми конференциясының үздік қатысушысы атануы лингвист ұстаздарымыздың ерен еңбегінің айғағы.
Аталған шаралар оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың осы пәндерге деген көзқарастарын өзгертеді, ана тілін, орыс тілін, ағылшын тілін жете меңгерудің қажеттілігін бойына сіңіреді.
Болашақта өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Біздің болашағымыз білікті де білімді жастардың қолында десек, сол жастарды мектеп табалдырығынан бастап дайындау біздің қолымызда.
Өйткені, ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.
Қазіргі таңдағы маңызы зор іс- шаралар өткізген екенсіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын!