kz ru en

Авторизация


Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін сабақта пайдаланудың маңызы

Оқушылардың тілге қызығушылығын ояту үшін  қазақ тілін оқытатын мамандарға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интеллектісін дамыту – басты талаптардың бірі болып саналады. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.

Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады және оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

 

 

Сын тұрғысынан ойлауды \СТО\ үйрету үшін келесі шараларды міндетті түрде орындау қажет:

Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт  беру арқылы мүмкіндік жасау.

Оқушыларға ойлануға рұқсат беру.

Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау.

Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

Сенімділік.

1
7

Комментарии (1)

Зейтова Анар,
Преподаватель

Өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау үшін оқытудың әртүрлі стратегияларын қолданамын. Олардың мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою; ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу; б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру. Мен өз сабақтарымда  стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде биылғы оқу жылынан бастап  қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай: ü    қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру) ü    мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең ü    ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, кластер  құрау, сызба жасау, салыстырмалы кесте жасау, коллаж жасау, «Ыстық орындық»,  «Бүгінгі күннің сөзі», «Бір минуттық эссе», еркін жазу, формативтік (қалыптастырушы) бағалаудың түрлері т.б.\ Осы қолданып жүрген стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламын деп ойлаймын. Жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде аз уақытта болса да, сабағымда жаңа құрылымы пайда болды. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: ü бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қалана бастады; ü өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға жағдай жасалуда; ü өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға тырысады; ü өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйреніп келеді; ü мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға қысылмайды; ü достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуді үйреніп келеді; ü белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.