1. Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды.
2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру.
3. Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы
4. Аз уақыт ішінде үлкен метериалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
5. Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек.
6. Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалімнің жұмыс жүйесін ойластыру керек.
7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру.
Қосымша сабақ талап ететін оқушылардың мықты жақтары да болады:
- үйде олар оқшауланбай жұмыс жүргізе береді;
- олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;
- олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;
- олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері бар.