kz ru en

Авторизация


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне көптеген талаптар қойылуда. Әсіресе, тіл мамандарының алдына қойылған мақсат - заман талабына сай терең білім беруде сөйлеу шешендігін шыңдау, ой-өрісін дамыта отырып, ғылым -білімді жан-жақты меңгерген, өзінің құнды пікірін қорғап, ойын еркін жеткізетін тұлға тәрбиелеу. Жалпы алғанда, мектеп қабырғасында функционалдық  сауаттылықты қалыптастыру.   Біз, тілшілердің міндеті:  сабағымызда әр түрлі тұрғыдағы мәтіндерді айту арқылы оқушының қабылдау қабілетін, өзіндік пікірін айқындап, мәтіннің ресми құрылымын түсініп, оларды өмірлік жағдайда кеңінен пайдалануға бағыт беру болып табылады.      Мұғалімдер арасында тартыс пайда болды. "Біз сонда қандай білім беріп жатырмыз?"

Менің ойымша, біз тестке көп көңіл бөліп, олардың сөйлеу қабілетіне, тіл байлығына аса назар аудармадық. Оның бір дәлелі: әдеби кітап оқымайтындығы, бұрынғыдай ауызша дайындалып, емтихан тапсырмайтындығы дер едім. Ал,сіздер қалай ойлайсыздар?

1
11

Комментарии (1)

Тапенова Айнур,
Преподаватель

Сізбен келісемін. Бұл мәселе оқушылардың ойлаудың бастапқы деңгейіне негізделген тест тапсырмаларын орындауымен байланысты.