Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленуі тиіс. Сабақ мақсаты нақты, көрсетілетін және өлшенетін болуы керек. Әзірленген оқу тапсырмалары оқушы біліміне негізгі өлшем бола алады. Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн. Заманауи сабақ құзыреттіліктердің (автоматтылыққа дейін жеткен дағдылар) қалыптасуына бағытталған.
Ұйымдастырушылық момент
Ø сабақ басында мұғалімнің жұмысқа жағымды эмоционалды көңілін құру;
Ø оқушыларға сабақ тақырыбын (мазмұнын) ғана емес, мақсатын, олардың қызметін ұйымдастырудың түрін де хабарлау;
1- ші фаза - Жаңа ақпаратты өздігінен меңгеруі
а) жобалық кезең.
Бұл кезеңде оқушы білімге айналдыратын, яғни «интерьеризациялайтын» ақпаратты даярлау қажет.
Ақпарат – оқу мен ойлаудың негізі. Ақпаратсыз біз ойлай да, шешім қабылдай да, проблеманы да шеше алмаймыз, шығармашылық қызметпен айналыса алмаймыз. Жеткілікті ақпарат алып қана біз тұжырымдар әзірлей аламыз, жалпылаулар жасап және жоғары интеллектуалдық деңгейде ойлай аламыз.
Ақпаратты түрлі тәсілдермен алу қажет, бірақ сабақта көзбен көріп алған тиімдірек. Америкада осыған байланысты мәтел де бар: «Айту - оқыту деген сөз емес». Ақпаратты сауатты жазбаша түрде ұсыну қажет.
Алдымен, оқулықта берілген ақпаратты қарап алу қажет, қажет болса, оны өзгерту немесе толықтыру қажет. Ол үшін мектептік тақтаны, плакат, карточканы, т.б. пайдалану қажет.
Ақпаратты іріктеген сайын үш басты қағида есіңізде болсын:
1) бірінші кезекте оқушыларды оқыту үшін қажетті, оқушыларға әр элементтің басқа элементтермен және барлық жүйемен байланысын көруге көмектесу үшін тірек және сілтеме болу үшін қажетті ақпаратты анықтау мен жүйелеу қажет.
2) ақпарат қысқаша, түрлі түсіндірулерден тұрмайтын, үлгілері бар, тұжырымдама немесе ереженің мәнін түсіндіретін анық тілмен мазмұндалу қажет;
3) оқушылар үрдісті немесе оның нәтижесін тікелей көру үшін көрнекілік модельді мүмкіндігінше пайдаланыңыз.
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ КАРТАСЫ
Оқулықта берілген сабаққа мазмұндалған ақпарат
№
Сабақтың тақырыбы
1.1.Өмірде қажетті ақпарат
1.1.1 Басқа пәндерде кездесетін ақпарат
1.1.1.1 берілген пәнді әрі қарай оқу үшін қажетті ақпарат
1.1.1.1.1 Жалпы ой-өріс үшін қажетті ақпарат
Ескерту
Заманауи сабақты өткізудің ұсынымдары
Оқушыларға білім алуға кедергі жасамауға тырысыңыз. Түсіндірулерден аулақ болыңыз. Есіңізде болсын, Достоевский жазған: сабақтағы түсіндірулер оқушыларды ақымақтыққа әкеледі. ЮНЕСКО Дакарда (2000) әлемде білімнің жаңа бағыттарын анықтады, олар аллегориялық түрде былай мазмұндалады:
Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. Оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.
Тағы бір даналықты есімізге түсірейік: атты суатқа әкелудің көптеген әдістері бар, бірақ атты су ішуге мәжбүрлейтін бір де бір әдіс жоқ.
Білім – тамаша зат, бірақ білу қажеттің ештеңесіне үйретуге болмайтынын ұмытпаған жөн. (Оскар Уайльд)
А) жобалық кезең
Жобалық кезең сабақтың мақсаттық ұстанымдарын анықтаудан басталады
Мақсат дегеніміз не, мұғалім сабақтың қандай мақсаттарын және қашан қояды?
Ғылымда мәлім, мақсат –болжанатын, алдын-ала жоспарланған (ойлы және вербалды) қызметтің қандай да бір нысананы жаңарту бойынша нәтижесі. Педагогикалық қызметте жаңарту нысанасы білім алушының қызметі, ал нәтижесі – білім алушының оқытылу, даму және тәрбиелік деңгейі болып табылады. Сондықтан сабақтың мақсаттары жоғары тәртіптегі жүйе ретінде оқыту мен білімнің мақсаттарына сәйкес қойылады және оқыту сабақта дайын қорытындыларды оқушыларға жай ғана беру кезіндегідей біріктіріле алмайды. Сабақ мақсатын мектепте осылайша қойылмайды.
Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленуі тиіс. Сабақ мақсаты нақты, көрсетілетін және өлшенетін болуы керек. Мысалы, сабақ мақсаты — "белгісіз қосылғышты табу", "оны қолданудың іскерліктері мен дағдыларын жасау "түсініктерін меңгеру немесе сабақ тақырыбы бойынша — "оқушылардың қосылғыштың пайда болу тәсілдері туралы білімін жинақтау мен жүйелеу, наречиелердің дұрыс жазылуының орфографиялық дағдыларын нығайту, өзін бақылау мен ұқыптылықтың дағдыларын дамыту" болуы мүмкін. Бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде күрделі. Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн. Заманауи сабақ құзыреттіліктердің (автоматтылыққа дейін жеткен дағдылар) қалыптасуына бағытталған. Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуына болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет. Мақсатқа жету «иә» және «жоқ» бағаларымен анықталады. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің! Көптеген елдерде мектеп бағдарламалары (куррикулумдар) мазмұнды көрсетпейді, сабақта қалыптастыру қажет құзыреттіліктерді көрсетеді. Мектептің есігін мақсаттар педагогикасы мен құзыреттіліктер педагогикасы қағып тұр.
Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. Қалап қана қойған аз, жасау қажет. (Иоганн Вольфганг Гете)
Сабақтың дидактикалық міндеттері реалды педагогикалық шындықта оқу тапсырмалары арқылы (оқушыларға арналған тапсырмалар) жүзеге асырылады. Құлықтық дағдыларды қалыптастыратын тапсырмалар барлық оқушыларға міндетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Дамытушы дағдыларды қалыптастыратын міндеттер сабақта әр оқушыға өзінің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақты осындай оқу тапсырмаларымен қамтамасыз етуге болады?
Оқу тапсырмалары анық, нақты және әр оқушыға түсінікті болуы қажет. Егер тапсырма қосымша түсіндіруді талап етсе, онда бұл толыққанды тапсырма емес. Сөйлемдер көп сөзден тұрмауы қажет және ылғи етістіктен аяқталуы қажет (МЕН-ОҚУШЫ НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ!)
Оқу тапсырмалары үш түрлі болады:
1. Репетитивтік құлықтар- мағынасын өзгертусіз алдында алынған немесе жаңа ғана меңгерген ақпаратты қайталау немесе жаңғыртудан тұратын қызметтің түрлері.
2.Когнитивті дағдылар – анық немесе жасырын ақпаратты көшіруге бағытталған танымдық іскерліктерді талап ететін қызмет түрі. Мұндай дағыдылардың негізі пәнді терең оқу үшін қажетті немесе кейін пәнаралық білімге өзгеретін білімдер болып табылады.
3.Құлықтық дағдылар – тұлғаның өзін-өзі қабылдауын, қоршағандарды қабылдауын, өзінің жауап беру мен әрекет ету мәнері арқылы түрлі өмірлік жағдайларды қабылдауын көрсетететін құлықтың сырты және ішкі түрлері. Мұндай дағдылардың негізі күнделікті өмірде басым болатын өмірлік қажетті білімдер болып табылады.
Түрі оқу тапсырмаларын әзірлеу үшін келесі кестеде көрсетілген етістіктерді пайдалануға болады
1.Репетитивті дағдылар
2.Когнитивті дағдылар
3.Құлықтық дағдылар
· Атау
· тізу,
· суреттеу (бұрын белгілі)
· анықтау
· айналдыру
· мазмұндау
· айтып беру
· қайталау
· жіктеу (таныс формада).......
· Белгілеу, табу, санау, анықтау, бағалау, шешу, толықтыру
· жаңарту
жіктеу (жаңа формада)
· көрсету, ... ауыстыру
· табу («идентификациялау» мәнінде)
· қолдану
· ... әкелу
· көбейту
· бөлу, қосу
· азайту
· ... ауыстыру
· ... бойынша бөлу
· салыстыру
· суреттеу (жаңаны)
· құрылымдау
· құру, дамыту, түсіндіру
· топтастыру
· бөлу
· азайту тәртібіне келтіру, көбейту түріне келтіру
· жинау
· белгілеу
· пайдалану, білдіру
· қорытынылау
· құру
· жасау (үлгі бойынша)
· орындау, құрау
· әрекеттер жасау, салу, сызу....
· анықтау
· табу
· елестету
· ойлап табу
· талдау
· ұсыну
· .... көмек сұрау
· пікір айту
· бағалау
· дәлелдеу
( жоспарға сәйкес)
· бақылау
· жасау
· эксперимент жүргізу
· құру (ашық типтегі жағдай, дивергенттік шарт)...
Көріп отырғандарыңыздай – бұл мүлде қиын емес.
Репететивтік, танымдық және құлықтық типтегі тапсырмалардың қатынасын мұғалім анықтайды. Сабаққа ең дамыған оқушыларды бүкіл сабақта жұмыс жасау үшін оқу тапсырмаларын әзірлеу керек. Тапсырмалар кестеде көрсетілгендей, міндеттілік тәртібінде, күрделілік тәртібінде орналасады.
Оқу тапсырмаларын жобалауда олардың көп түрлілігін қамтамасыз ету үшін төменде келтірілген матрицаны пайдалануға болады.
Оқу тапсырмаларын жобалау МАТРИЦАСЫ
№
Сабақ түрлері
Репетитивті дағдылар
Когнитивті дағдылар
Құлықтық дағдылар
1
Мәтінішілік сұрақтар
2 сабақ
2.
Нығайтуға арналған тапсырмалар
2 сабақ
3
Қайталауға арналған тапсырмалар немесе «тоқта, тексер»
1 сабақ
4
Қорытынды жасауға арналған тапсырмалар
5.
Ситуативтік сұрақтар
2 сабақ
6.
Интеллектуалды ойын: сөзжұмбақтар, триадалар, ребустар және т.б.
1 сабақ
1 сабақ
7.
Кестені толтыру
2 сабақ
1 сабақ
8.
Көптің ішінен таңдауға арналған тапсырма
2 сабақ
9.
Сәйкестіліктерді іздеуге арналған тапсырмалар
10.
Қалып қойған сөздерді, әріптерді толтыруға арналған тапсырмалар
2 сабақ
11.
Дұрыс тәртіпте қою
1 сабақ
1 сабақ
12.
Қысқа жауапты талап ететін сұрақтар
2 сабақ
13.
Жазу
1 сабақ
14.
Аудару
15.
Қою, эксперимент
Оқушылар ақпаратпен танысқаннан кейін оқу тапсырмаларын орындауға кіріседі. Бұл жағдайда барлық оқушылар тепе-тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт.
Сабақта жұмыс жасауда оқушылар бір-біріне кедергі жасамауы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда, оқушы қолын көтереді, мұғалім оның қасына жақындайды. Сұрақты тыңдап, оқушыға жауап беруге асықпаңыз, оқушыға неге назар аудару керек екенін және жауапты қайдан іздеу керек екенін көрсетіңіз.
Сабақтың ережелерінің бірі мұғалімнің дайын жауаптарды бермейтіні, жауапты оқушының өзі табу керектігі болып табылады. Сабақтағы мұндай қызмет оқушыға білімді өзі алуға үйренуге көмектеседі.
Әр оқушы бірінші тапсырмадан бастайды және барлық сабақ бойынша жұмыс жасайды. Келесі тапсырмаға көшу үшін оқушы қолын көтереді, мұғалім оның қасына жақындайды және тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді, тек содан кейін барып қана оқушы келесі тапсырманы орындауға кіріседі. Мұнда көптеген амалдарды пайдалануға болады: өзара тексеру, шағын топта (топ көбасшысын пайдалану және т.б).
Оқушының сабақта орындаған тапсырмалар саны оның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттеріне байланысты болады. Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбек терісін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол еңбек терісін аямай сабаққа дайындалды).
Әрине, басында мұғалім сахнада және оның рөлін көрермендер көретін мұғалімнің жоғары актерлік шеберлігінен, сабақтың ұйытқысы рөлінен бас тарту қиынға соғады. Мұғалім өзінің «бұлбұл әнін» мұғалімнің сиқырлы таяқшасы бойынша ән айтатын көп дауысты балалардың хорына өзгертуі керек. Бұндай сабақтарды талдау мектеп әкімшілігі, инспекторлар басқа да менеджерлер тарапынан жаңа көріністі қажет етеді, міне, құзыретті педагогика дегеніміз осы.
Мұндай сабақтар әр оқушыға өзінің шығармашылық және интеллектуалды әлеуетін барынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Және мұндай сабақтардың нәтижелері тез көрінеді.
Сабақтың қорытындысы.
Соңы – барлық істің тәжі. Бұл қысқаша уақытта сабақтың мақсатына жеткен-жетпегенін анықтау және оқушылардың сабақтағы қызметін бағалау қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді. Ұсынылып отырған сабақта сабаққа қатысып отырған әр оқушы баға алады. Ол үшін мұғалімнің көп түрлері мен әдістері бар.[3]
Бұған үлгі ретінде төмендегідей білім картасын қолдануға болады. Бағалау картасы сабақтың басында беріледі. Оқушы әр деңгейді орындағаннан кейін өздік бағалауды жүзеге асырады. Мұғалім оқушының қойған бағасынан кейін тапсырмаларды орындай алу қабілетіне сәйкес өз бағасын қояды.
Білім картасы. Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар». 5-сынып.
Оқушының аты-жөні:-------------------------
Деңгейлер
Тапсырмалар реті
Оқушы
бағасы
Мұғалім бағасы
1. Білім
Маңызды деректерді еске түсір, көп нүктенің орнын толтыр.
А) Жайықты өрлей, әр бұтаны тасаланып, алыстан ыңыранғаны естіліп жатқан .... қарай құлап келемін.
Ә) «Анау ағасы, мынау інісі екен» деген ойдың келуі мұң екен, .... есіме түсіп кетіп, жалғызсырай бастадым.
Б) –Атың кім?
-..... Мынаның аты.....
В) Мені олар «........» алып келді.
Г) Шеген маған.... түрлі өсиет айтты.....
.....
.....
.....
2.1 177-беттегі «Сюжет» туралы берілген мәліметті оқып, тақырыптың мәнін таны.
2. Түсіну
2.1 Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын «Картография» сызбасында көрсет.
2.2. Оқи алмаған және жетім балалардың өмірін «Кластер» сызбасында көрсет.
Жұмысыңды жұпта тексер. Өзіңді бағала.
3. Қолдану
3.1 Шығарманың мазмұнын жетекшілікке алып, әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беріңіз.
Кейіп
керлер
Портреті
Тұрмыс -жайы
Іс-әрекеті
Пікір, көзқарас
Қайрош
Шеген
Бораш
3.2 Әңгімені көркемдік ерешелігіне талда.
Эпитет
Теңеу
Кейіптеу
Жұмысыңды жұпта тексер. Өзіңді бағала
Баға
0-3
4. Талдау
Кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді айыра отырып, өз бойыңдағы достық қарым-қатынасты баянды ететін ең маңызды қасиеттерге 5 түрлі дәлел келтір. Қорытынды шығар.
5. Жинақ
тау
Сен жазушы болсаң шығарманы қалай аяқтар едің? Ой-қиялыңа ерік бере отырып, шығарманы аяқтап жаз.
Жеке жұмыс, жұпта жұмыс, топта ортаға сал./ өзін-өзі бағалау/ мұғалім бағасы.
Баға
4
6. Бағалау
Қорытынды
Қоршаған ортада адал достық танытып жүрген жандар туралы пайымда, баға бер. Өзің адал достықты сақтау үшін жасайтын және достарыңнан талап ететін іс-әрекеттерді жоспарлап, «Достықтың алтын ережелері» тақырыбында жадынама әзірле.
Жеке жұмыс жасау/ өзін-өзі бағалау+мұғалім бағасы.
Баға -5
Кері байланыс
Бұл кезеңде оқушылардың маңызды құзыреттіліктердің бірі - өзін-өзі бағалауға үйренуі қалыптасады. Бұл құзыреттілік өмір бойына және әсіресе, өзінің білім траекториясын жобалаудың бастапқы кезеңінде қажетті болып табылады.