Мектептегі ҰБТ байқау тестілеуіндегі оқушылардың алған нәтижелеріне анализ жасағанда бір парадокс байқалады: жақсы оқитын, қабілетті оқушы жоғарғы ұпайға әрең жетеді, кейбір кезде тіпті төмен ұпай алады, ал әшейінде нашарлау оқитын баланың жұлдызды сәті туып, қиналмай жоғары ұпай алады...сиқыры неде екен..
Иә, мен де бүгін соны ойлап отырмын. Кешегі мектепішілік бақылау сауалнаманы тексеріп, осы ойға мен де келдім. Ережелерді түсініп, сабақта талдау бәрін жасайды, тапсырманы орындайды, ал сауалнамаларды сыныпта дұрыс шешіп отырады. Бақылау тестте келіп төмен ұпай алады. мүлдем түсініксіз ....
)) Сиқырын сұрасаң- аң таң болып: " жай белгілей салып едім дәл түсіппін" деп қуланады)
қызық
Ия, әріптестер, осындай жайттарды талай басымыздан өткізіп жатырмыз. Ата-ана мұғалімнен сұрайды, ал біз оқушыдан сұраймыз... Біреуі -мәз, ата-анасы да, тіпті пән мұғалімі де... Ал біреуінің жан айқайын ешкім есітер емес. Пән мұғаліміне деген көзқарас ата-ана тарапынан да, әріптестері тарапынан да 180% өзгереді...Тек қана оқушы мен мұғалімнің ішкі күйзелісімен ешкім санаспайды... Дұрысы - әділеттілікті іздемеу!!!
Келісемін. Бізде де мектепишилик бакылау тестилеринде ондай жагдайлар болады. Ол мандай терисин агызып, енбектенип, тырысып, изденип окып журген окушынын мотивациясына зиянын тигизеди.
Мотивациясына және өзін өзі бағалауына, өз күшіне деген сенімі төмендейді
Қызық екен