. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
«Қыс»өлеңі
1. Авторы--- А.Құнанбаев--- қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл--- философы, композитор әрі аудармашы, реформатор.
2. Тақырыбы----- қыс мезгілінің ерекшелігі, ащы аяз, долы боран кезіндегі ауыл, ел өмірі.
3. Жанр түрі- өлең.Бұл өлең табиғат лирикасына жатады.Себебі,.ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі, сезімі арқылы білдіреді.
4. Идеясы дегеніміз----- ақынның айтар ойы мен мақсаты.Өлеңнің идеясы---қыс сипатын күшейтіп суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақырады.
5. Шумақ дегеніміз----- аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 5 шумақтан тұрады.
6. Тармақ дегеніміз---өлеңнің әр жолы.22 тармақты
7. Бунақ дегеніміз---белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.2-3,3-3 бунақты
8. Буын саны--- дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.
9. Ұйқас түрі.Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді.Бұл өлең қара өлең (а-а-б-а) және кезекті ұйқаспен жазылған (а-б-в-б)
10. Әдеби теориялық ұғымдар:
Троп немес құбылту түрлері
Эпитеттер---ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, кәрі құда, ақ орда, жас балалар,қайран жылқы, кәрі шал.
Кейіптеу--- Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы----үскірік аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Теңеу----ұшпадай, бұлттай.
11. Сөздікпен жұмыс.
Ұшпа-бұлт (жеке, шоқ бұлт), бурадай—түйенің долданып, ашулануы.
12. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Шидем мен тондарын қабаттап кисе де, долы боранға тура қарай алмаса да, мал соңында қар жамылып, мұз жастанған жылқышылардың ерлігіне риза боласың,үлгі аласың. Суықтан, аштықтан әлі құрыған жылқыларды ауыз салмақ болған аш қасқырларға жем қылмай, сақтанып, елге сойып беруге ақыл етеді.
.
.