kz ru en

Авторизация


ДЕҢГЕЙЛІК ОҚУДАН КЕЙІНГІ ПРАКТИКА КЕЗЕҢІНЕ ТАЛДАУ

Білім– адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Олсана,таным, объективтіәлем,субъект,ойлау,логика,ақиқат,парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады.(https://kk.wikipedia.org/wiki/Білім).

Қазіргі білім беру саласында болып жатқан реформалар, мұғалімге білім берудің жолдарын іздеп, зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Жоғары да келтірілген сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, ақиқат, парасат, ғылыми ұғымдармен кіріктіре аламыз ба? Алдымызға ауқымды, орындалмас мақсат қойып отырған жоқпыз ба?

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде (https://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа білім беру жүйесі).

Білім берудің Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Бағдарламасы бойынша бірінші(ілгері) деңгейлі курсын 2014 жылы аяқтап, сертификатына ие болдым. Бұл курс мектеп шеңберінде даму бағдарламасын іске асыру, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу барысында барысында бір немесе екі әріптесіне тәлімгер болу міндетін қойды. Сонымен қатар, мониторингті жүзеге асырып, мектепті дамыту үдерісіне қолдау көрсету жұмыстарын іске асыруға бағыттады.

Алғашқы мектептегі жұмысымды мектеп басшысымен келісе отырып жасалған мектептің даму бағдарламасын ұжымға ұсынудан бастадым. Даму бағдарламасының жобасы ұжымда талданып, өзгеріске ұшырады. Өзгертілген даму бағдарламасы бекітілуге ұсынылды.

МДЖ-да ұсынылған басымдық: «Бағалаудың жаңа түрлерін енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіріп, оқушылардың негізгі пәндері бойынша білім және сапасын арттыру» тақырыбында болды. Жүзеге асыру мерзімі:01.09.2015-25.06.2016ж. аралығында деп белігіленді.

SMART мақсат:

 Мұғалімдер эксплициттік білім алады;

Мұғалімдер сұрыпталған имплициттік білімді оқыту модульдерін меңгеруде, формативті бағалаудың стратегиясында тиімді қолданады;

Мұғалімдер кері байланыс арқылы мұғалімдік тәжірибесін рефлекциялауға үйренеді;

Тәлімгерлік және әріптесті қадағалау, коучинг арқылы берілген білімнің мұғалімдік тәжірибеде әсері арттырылады;

Мұғалімдердің кәсіби және желілік қоғамдастық жұмысы жанданады.

Нәтиже және табыс критерийлері:

Мұғалімдер эксплицитті алған білімді имплициттік білімге айналдырады;

Оқушының оқуға ынтасының артуына ықпал жасалады;

Мұғалім білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда қолданылатын бағалау әдістемесін жетілдіреді;

Оқушы кері байланыс беруге қалыптасады;

Мұғалімнің сыныпты басқару тәжірибесінде бағалау мен  кері байланыстың ықпалы артады;

Оқушылардың тиімді оқу дағдылары қалыптасады;

Мұғалімнің тәлімгерлік және коучинг арқылы алынған білімін мұғалімдік тәжірибеде қолданады;

Оқушылардың негізгі пәндер бойынша білімі мен түсінгіне өзгерісінің орын алуына ықпал етеді;

Мұғалімдер өзара тәжірибесімен алмасады, озық тәжірибе таратылады;

Оқу мен оқытуда коллаборативті орта қалыптасады.

МДЖ орындау барысында шағын шығармашылық топ құрылды, оған пән мұғалімдері, бірлестік жетекшілері, әкімшілік енгізілді. Желілік қоғамдастық жоспары құрылды. Жоспарды орындауға Қарағанды қаласының №76, №23,№18,№41,№54, №34 мектептері бірікті. Желілік қоғамдастықтың ортақ мақсаты: Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық сақтау. Желілік қоғамдастық отырысында қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы ең басты, маңызды мәселе болып отырған «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген түйткілді сұраққа ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірігіп әзірлеген бағдарламалардың негізгі функциясы –оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу болып табылатыны туралы айтып, қалалық білім бөлімінің тапсырысы бойынша желілік қоғамдастық құрылып, атқарылатын іс шаралардың жоспарын құру туралы ой пікірлерін ортаға салуға шақырды. Осы мектептер арасында Lesson Study –зерттеу сабағын жүргізу туралы шешім қабылданды. Зерттеу пәні- жаратылыстану. Зерттеу сыныбы – 5 сынып. Сабақ үлгісі ретінде №41 мектептің сабақ құрылымы алынды. Мұғалімді бағалау парағы мен оқушыны бағалау парағы, оқушыларға қойылатын сұрақта № 41 мектеп үлгісінде алынды. Зерттеу басталамас бұрын басқа мектептерге №41 мектеп форматынан ауытқымау сұралды. Мысалы: №18 мектепте жаратылыстану пәні бойынша зерттеу сабағына толтырылған хаттамадан үзінді:

І циклдің 4 –ші сабағы №18 мектепте өткізілді. Пәні жаратылыстану, сыныбы-5. Сабақ құрылымы өзгеріске ұшыраған, талдау барысында оны мұғалім түсіндіріп өтті. І циклде қолданылған стратегиялар талданып, бекітілді.

Сабақтың тиімді құрылымы төменгідей болды:

Топқа оқушы санына байланысты  4 оқушыдан, бір –біріне жақын отыратын бірнеше  топқа  бөлеміз, топ саны 5 немесе 6, одан да  көп болуы  мүмкін;

Топқа бөлу тәсілі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ мақсаты тақырыпты ашуға  негізделуі  керек;

Үй  жұмысын тексеруде тест әдісін қалдырамыз, тест түрі әртүрлі болуы  мүмкін. Бағалаудың өзін –өзі бағалау, жұптық бағалау тәсілін қолданамыз.

Сабақ басында оқушылардың осы сабақта қандай  мақсат көздейтінін сұрап оны тақтаға жазып қою (сабаққа  кретерий ретінде алу)

Бейнетаспа ресурсы болса, оның ұзақтығы 3 мин. аспау керек. Қойылатын сұрақтар сын тұрғысынан ойландыратын сұрақ болу керек.

 «Үнсіз оқу» стратегиясы  жаңа  сабақты игеру  үшін қажетті, міндетті  мәтіннің неше сөзден тұратынына, оқу  жылдамдығын ескереміз.

Тақырыпты пысықтау  үшін «Жиксо» әдісі  бойынша  бөлеміз немесе жалпылама  бір тақырып береміз.

«Әлемді  шарлау» стратегиясы  қалдырамыз. Әр топқа түрлі- түсті маркер береміз. Постерге  қосылатын ақпараттың мазмұнына  қарай топтық бағалау, мұғалім бағалауы  жүреді.

«Флора, фауна» ойыны  сергіту  сәтінің орнына  жүргізіледі. Ойынның аты  өзгеруі  мүмкін, мақсаты оқушылар тақырып бойынша  бір-біріне доп  беру  арқылы  сұрақ қояды.

Үйге  берілген тапсырма  нақты болуы  қажет.

Мұғалім оқушылардың берген бағасы  мен өзінің берген бағасымен оқушыларды  бағалаумен  сабақты  аяқтайды.

Бұл зерттеу жұмысы тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар, жаратылыстану пән мұғалімдерінің ойлап тапқан жаңа әдісті тиімді ендіріп, қолдану құзыреттіліктерін жетілдіруді мақсат еткен болатын. Осыған байланысты, пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды:

- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;

- Тапсырма  бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп әзірленуі керек;

- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек;

- Тапсырмаларды дайындау барысында көп алмау;

-Мұғалімге уақытты үнемдей алу;

- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдап, қатесін түзетіп отыру;

- Өткізілген зерттеу бойынша педгогикалық кеңесте  мектеп ұжымымен бөлісу.

5 "А"сыныбында жүргізілген Lesson Study-ді қорытындылай отырып, сабақтағы өз бетімен жұмысты жетілдіруде оқушылардың деңгейін міндетті түрде ескерілу керек, қалыптастырушы бағалауды түрлендіре отыра, әр сабақта  мұғалімге оқушылардын кері байланыс алу міндетті түрде керек  деген түйін жасалды. Жеке жұмысты берер алдында, оқушылар тақырыпты топта талдаса жақсы нәтижеге жетуге болады. Сабақта бағалау парағын ұсыну, өздері қол жеткізе алатын нәтиже ғана емес, сабақ бойы қандай іс-әрекетпен айналысатынымен хабардар болып отыруға мүмкіндік береді, бұл олардың өз-өздерін реттеп үйренуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландырады деген қорытынды жасалды. Ең бастысы, осы зерттеу нәтижесінде 5 "А" сыныбындағы білім сапасында оң өзгеріс байқалды.

Қорытындылай келе, бұл тәсілдіңнәтижесіндебіз оқушылардың білімдерінжаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуға үйреттік. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып,бірін-бірі, өздіктерін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз.

«Lesson Study» тақырыбындағы коучингте сабақты зерттеуді қалай өткізуге болатынын білді.

Мектептің даму жоспарын іске асыру кезеңдерінде кездескен қиындықтар:

Кез- келген іс шараға қойылған мақсаттың тым ауқымды болуы, яғни SMART –қа сай болмауы;

 Lesson Study сабақтарында бастапқы кезеңдерінде мұғалімнің қолданған әдіс – тәсілдерінің тиімділігін зерделей алмауы;

Кері байланыс кезінде, ауызша кері байланыс сәтті өтеді, осы айтқандарын жазбаша түрде эссе, есеп түрінде сұрасаң қиындық туғызып, жаза алмайды.

Мұғалімдер іс –әрекеттеріне сын тұрғысынан қарау дағдысы қалыптаспаған.

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады (https://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа білім беру жүйесі).

INTERNET-тен алынған материалдар:

https://kk.wikipedia.org/wiki/Білім;

https://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа білім беру жүйесі.

1
10

Комментарии (1)

Халимова Мадина,
Преподаватель

«Флора, фауна» ойынын таырыпты қайталау барысында қолданамын. Өте ыңғайлы. Жалпы берілген ақпарат ауқымды. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!