kz ru en

Авторизация


Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының басты көрсеткіші.

Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.

Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.

Дегенмен,ҰБТ тапсыру балалар үшін де, ата-аналар үшін де әр уақытта күрделі кезең болып табылады. Осы кезеңде суицидтер де жиілейді. Бұл кезеңде ата-аналардың ең басты қателігі күйзеліске ұшырататын ахуал тудырып, баладан қолынан келмейтін істіталап етуі де басты себеп.

Эпизод: Анасы ұлын ҰБТ-ға шығарып сала отырып, 5-сіз оралма дейді. Бұл әзіл сияқты, бірақ бұл сөздің шын мағынасы «5-сіз оралма!». Сонымен, бала 3-4 сағат отырып, ҰБТ-ны тапсырды. Алайда ол 5-ке тапсырмағанын іштей сезеді. Тестілеу нәтижесі әлі жоқ,бірақ ол 5-ке тапсырмағанын біледі. Анасы үйге оралма деген. Үйіне қайтып келе жатқан бала дәріханаға кіреді, одан кейін біз онымен аурухананың жансақтау бөлімінде кездестік.

Ата-ананың махабаты мен ҰБТ-ны тапсыра алмасаң да, ешнәрсе болмайтынына деген сенімі балаға сенімділік және байсалдылық береді. Ол не үшін алаңдайды, үйінде өзін шексіз жақсы көретін әкесі мен шешесі күтіп отырса? Міне, сол кезде ешнәрсеге алаңдамаған бала ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетеді.  

Ал сіз не ойлайсыз әріптес?

3
7

Комментарии (3)

Дуйсебаева Данагуль,
Преподаватель

Әрине, тестілеу кезіндегі баланың психологиялық тұрақтылығына әсер ететін маңызды шарттардың бірі ол ата анасының сенімі мен қолдауы. Отбасының рөлі зор және шешуші.  Сол көмекші жандардың қатарында мектеп ұстаздары мен психологы тұрады. Өйткені, қандай емтиханды алсақ та, кез келгені стресстік жағдай,  Балаға сол кезеңді өту үшін білікті мамандардың қолдауы.әсіресе психологиялық көмек қажетті. Жүйелі жұмыс болу керек деп ойлаймын.

Зейтова Анар,
Преподаватель

Иə, Данагүлмен келісемін. Баладан 5 талап еткен ата- ана біріншіден өз жағдайын ойламастан бұрын баласына сенімділік білдіріп, оған отбасының тіреуін көрсету керек

Жомартова Гулназ,
Преподаватель

ҰБТ алғаш 2004 жылы басталды. Мен бірінші ҰБТ тапсырулардың қатары болдым. Ол кезде псиxологпен сөйлесу немесе ата-анамен, ұстазбен сөйлесіп, қолдау алу деген болмаған. Дегенмен, тестті тапсырып, алған ұпайымызға реніш болмады. Ешкімде аса стресс та болмады, өзінің өмірін қию ешкімнің ойына да кіріп-шықпайтын. ҰБТ-ны кейінгі тапсырушылар неше ьүрлі естіп-көріп алып, талай оқиғалардың куәгерлері немесе қатысушылары болды... 😞