Көшбасшылықтың мәнін қалай түсінер едіңіздер?
Көшбасшы ұстаз қандай болу керек?
Әлде әрбір мұғалім КӨШБАСШЫ ма?
Көшбасшылық туралы ой қозғасаңыздар.
Көшбасшылықтың мәнін қалай түсінер едіңіздер?
Көшбасшы ұстаз қандай болу керек?
Әлде әрбір мұғалім КӨШБАСШЫ ма?
Көшбасшылық туралы ой қозғасаңыздар.
Фарида, сәлеметсіз бе? Менің ойымша кез келген ұстаз көшбасшы бола алмайды. Себебі , көшбасшылық ол- өзіне деген сенімділік , кішкене болса білімнің болуы, өз сөзіне нандыра білу қасиеті болу керек.
Зәмзәгүлдің пікіріне қосыламын. Мен де әрбір мұғалім көшбасшы бола алмайды деп ойлаймын. Ол үшін ұстаздың бойында белгілі қасиеттер болу керек.
Көшбасшылықтың бірнеше түрлері бар авторитарлы, демократиялы, "попустительский "(аудара алмадым, мүмкін өз бетімен жіберу)) Мұғалім еріксіз көшбасшы болуы керек. Ол кішігірім топты (оқушылар, мұғалімдер) басқаруға мәжбүр. Ал оның басқару стилі (түрі) бірнеше факторлардан байланысты: табиғатты мінез құлқынан, топтың басшыға сенімділігінен... тб.о.с. Сондықтан, мұғалім априори көшбасшы болуы тиісті.
Сізбен де, Данагүл, келісемін. Мүмкін, бірінші рет өз ойымды дұрыс жеткізе алмадым. Шынында да, мұғалім еріксіз көшбасшы болуы тиісті. Бірақ ұйымдастырушылық қабілеті төмен, оқушылар немесе әріптестерімен жқмысты басқара алмайтын, өз сөзіне сендіре білмейтін ұстаздар да кездеседі ғой. Ондай мұғалімдерді шын мәнінде көшбасшы деп айтуға бола ма? Әрине, көшбасшылық қасиеттерді кез келген ұстаз өзінің бойында дамытуы керек.