kz ru en

Авторизация


КУРСТАН АЛҒАН ӘСЕРІМ …

Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымын біліктілікті арттырудың жаңа ваучерлік жүйесі бір серпілтіп тастады. Осы жаңалықтың іс жүзіндегі көрінісі білім беру саласына оң өзгеріс әкелетініне кәміл сенемін. Балаларды оқуға ынталандыру үшін ұстаздар қандай әдіс-тәсілдерді ойлап таппады дейсіз. Осы жайлы Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы  керек»,- деген екен. Білімді ұрпақтың өркениеттің қарыштап  дамуына қосатын үлесі зор екені әркімге аян.  

       Өз басыма келетін болсам курстан кейін шынында серпіліп қалдым, теориялық білімімді толықтырдым, тәжірибе алмастым, жаңалықтармен таныстым,еліміздің алыс түкпірінен келген әріптестермен достастым,білікті де арнайы оқып келген жаттықтырушылардан дәріс алдым. Жан дүниемде бір керемет өзгеріс болды. Мамандығыма деген мақтаныш сезімім күшейді,ізденісім арта түсті,белсенділігім жоғарылады. Мектебіме қанат байлап ұшқым келді. 

Осы тұста баланың ынтасын ояту үшін,  мұғалімнің өзгеруі жаңалық емес,- деп айта алар ма едіңіз? Мектептегі білім беру үдерісін күнделікті ағымға айналдырып жіберген қарбаластың ортасында ұстаздар қалай өзгермекші?

0
6

Комментарии (0)