«Бақытты болғың келсе өзің бақыт бол»
Козъма Прутков.
«Жүрек пен ақыл ойды тазалап, тынышталу,өзіне өзі келу арқылы әр адам өзінің болмысына, қайнар көзіне оралады»
Чжуан-цзы.
«Ұлы орасан зор кереметтің орындалуы кішкенеден, азғанадан басталады»
Дао де дзин.
«Сөзде бастау болса, істе басты нәрсе бар»
Дао де дзин.
«Адамдарды білетін адам –мықты,
Өзін білетін адам –білімдар.
Адамдарды жеңетін адам-күшті,
Өзін жеңген адам-құдіретті»
Лао-цзы.
«Үйлесімділікті, үндестікті білу-қалыптылық,
Қалыпты жағдайды біліп отыру –ақылдылық.
Өмірді байыту-бақыттылық,
Өз сезімін басқара білу-қажырлылық»
Чжуан –цзы.
«Адам жер заңымен жүреді,
Жер көк заңымен жүреді»
Лао-цзы.
«Оқушы дайын болғанда ғана ұстаз келеді»
Қытай мақалы
«Алғыс айтуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтыңыз»
Сан Лайт.
«Адамдардың көбісі бақытты, өйткені олар бақытты болуды қалап, шешім қабылдаған»
Э. Линколън.
«Адамның ақылы жеткен жерге, сенуге болатын нәрсеге жетуге әбден болады»
Адам Дж Джексон.
«Адам дүние, ақша, байлық үшін емес,дүние,ақша,байлық адам үшін қызмет жасағанда адамзат баласы бақытты»-деген ұлы Әл-Фарабидің сөзі өмір шындығына айналды.