kz ru en

Авторизация


Шығармашылық қабілетті дамыту.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Қашанда кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындалған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса,соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Демек, бала бойындағы қабілетті ашу - әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сіздер сыныбыңыздағы немесе пәніңізге қызығатын қабілетті баланың дамуына  қалай әсер еттіңіздер немесе әрі қарай қалай дамыттыңыздар?

2
7

Комментарии (2)

Зейтова Анар,
Преподаватель

мен өз жұмысым туралы осыған жазғамhttp://icrov-pvl.gov.kz/files/loader/1439207978384.pdf

Зейтова Анар,
Преподаватель

Өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау үшін оқытудың әртүрлі стратегияларын қолданамын. Олардың мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою; ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу; б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру. Мен өз сабақтарымда  стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде биылғы оқу жылынан бастап  қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:  қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру) ,  мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең ü    ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, кластер  құрау, сызба жасау, салыстырмалы кесте жасау, коллаж жасау, «Ыстық орындық»,  «Бүгінгі күннің сөзі», «Бір минуттық эссе», еркін жазу, формативтік (қалыптастырушы) бағалаудың түрлері т.б.\ Осы қолданып жүрген стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламын деп ойлаймын. Жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде аз уақытта болса да, сабағымда жаңа құрылымы пайда болды. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: ü бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қалана бастады; ü өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға жағдай жасалуда; ü өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға тырысады; ü өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйреніп келеді; ü мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға қысылмайды; ü достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуді үйреніп келеді; ü белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды