kz ru en

Авторизация


Шешендікке баулу

Шешендікке баулу

     «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет, ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл»,- деп Бөлтірік шешен айтқандай, қазіргі өскелең ұрпақтың бойында сөйлеу мәдениеттілігі мен сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру – әрбір қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің басты міндеті деп ойлаймын.

     5-сыныпқа келген кезден бастап, бағдарламадағы шешендік сөздер туралы мағлұмат беріп, оның ерекшелігін ұғындыра бастаймын. Қысқаша мағынасын түсіндіріп, жаттауға үзінділер беремін. Шешендер мен билер туралы мағлұматтар жинауға тапсырма, рефераттар жүктеп, факультатив сабақтарда талқылатамын.

     Тақырыпқа орай, жаттаған шешендік сөздерден мысалдар келтіртіп, орынды пайдалануға үйретемін. Шешендікке баулу бойынша 10-сыныпта факультатив сабағын өткіземін. Рөлдерге бөліп, шешеннің сөздерін нақышына келтіріп айтуға дағдыландырудамын. Қайда барса да, тестпен отыратын оқушыларды сабақ айтудан бөлек осындай жолдармен сөйлетпесек, «Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген қазақтығымыз қайда?

    Мүмкін заман талабы ма, әлде бейімделіп кеттік пе, сайтта да орысша пікір алысудан алдымызға жан салмаймыз. Сонда сіздің мектепте шешендікке қалай баулиды?

«Қазақ пен қазақ - қазақша сөйлесін»,-деген Елбасымыздың сөзі  де бекер болғаны ма?

1
4

Комментарии (1)

Белгибаев Рашит,
Пользователь

.