кеше Абай қаласында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинар ОӘО әдіскері және Абай оқу бөлімінің әдіскерімен бірге аудандық қазақ тілі мұғалімдері қатысуымен өткізілді. Семинарда Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысу мақсаттарымен таныстырып, функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмаларды құрастыру , олармен жұмыс жасау әдістерін үйретті. Жалпы семинардан ұстаздар жақсы әсер алып, өз ризашылықтарын ұйымдастырушыларға білдірді.
Өте маңызды семинар болу керек!
Ертең саламын
Ұялы телефон Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. Қарағанды қаласында тұратын Марат сабақтан кейін спорттық секцияға барады. Спорт кешені Мараттың үйінен алшақ жерде орналасқан. Ол үнемі қоғамдық көліктермен жүреді және кесіп өтеді. Ата-анасы сол уақытта жұмыста болғандықтан, баласына алаңдап отырады. Сол себепті мәселені жеңілдету үшін ұялы телефон әпермек болады. Алайда телефонның бала денсаулығына зиян екеніне тағы алаңдайды. Сол себепті Маратты ұялы телефон туралы нұсқаулықтармен, талаптартармен таныстыруды жөн санайды Нұсқаулықтар: · Ұялы телефонды денеден аулақ ұстау; · Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу; · Сөйлесіп болған соң құлақтың түбінде сөндірмеу; · Ұйықтаған кезде 1,5-2м алыс жерге қою; · Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минут сөйлесу; · Жаңбырлы күнде телефонды қоспау; · Телефонды төсекке алып жатпау Телефонмен сөйлесудің әдептері: · Мезгілсіз уақытта қоңырау шалмау; · Телефонды көтермеген жағдайда қайта-қайта қоңыраулатпау; · Әңгімені сәлемдесуден бастау; · Қоңырау шалушы өзін таныстыруы қажет; · Қажет жағдай болмаса, әңгімені тым ұзартпау; · Қоңырау шалушы сөзді бірінші болып аяқтау; · Телефон соғылса, жауапсыз тастамау; · Қоңырау даусына жағымсыз әуендерді қоймау 25-тапсырма. ата-анасы баласына ұялы телефонды не мақсатта әпермек болды? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 26-тапсырма. Маратқа берілген нұсқаулықтардың қажеттілігі туралы қандай пікір айтуға болады? Сіз осыған келісесіз бе, жоқ па? Себебін түсіндіріп берсеңіз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 27-тапсырма. Қандай жағдайда телефонмен сөйлесуде шектен тыс сыпайылық ерсі болып саналады деп ойлайсыз? a) тым кеш немесе тым ерте телефон соққанда; b) телефон арқылы анықтама алғанда немесе телефонистпен сөйлескенде; c) телефонда ұзақ отырып, достарыңызбен сөйлесу. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ Әдістемелік құрал Қарағанды, 2015
осы жинақта қазақ тілінен тапсырмалар үлгілері көп
Үлкен рахмет, Анар! Міндетті түрде танысамын да, коучингте пайдаланамын!