8-қаңтарда Шахтинск қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Мен "Сабақтағы рефлексия" тақырыбына коучинг өткіздім. Мақсаты: мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс (рефлексия), оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Коучинг барысында қатысушы ұстаздар рефлексия туралы өз ойларын ортаға салып, сабақта кері байланысты қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы пікірлесті, рефлексияның түрлері, әдіс-тәсілдерімен танысты. Сабағымның қаншалықты тиімді болғандығын, әріптестерімнің пікірлерін анықтау мақсатында рефлексия өткіздім. "Тазалық" әдісін пайдаландым. Қуанышыма қарай, "қоқыс жәшігіне" ешбір мұғалім ештеңе салған жоқ, ал "чемодандары", керісінше, толтырылды. Рефлексия парақтарына "көп дүние үйрендім", "өз сабақтарымда жаңа стратегияларды қолданатын боламын", "сабақ мен үшін өте пайдалы болды" деген сияқты пікірлер жазылды.
Сіздің ойыңызша кері байланыс пен рефлексия бір ұғым ба, әлде екеуінің айырмашылығы бар ма?
Сұрақ қойғаныңызға рахмет. Айырмашылығы, әрине, бар. Рефлексия кері байланысқа қарағанда, кең ұғым. Бірақ осы коучингте біз әріптестерімізбен бірге рефлексияның түрлі әдіс-тәсілдерін сабақта қалай тиімді қолдануға болатынын, яғни кері байланысты ұйымдастыру жолдарын қарастырдық.
"Сабақтағы рефлексия" тақырыбына презентация. http://uchitelya.kz/load/soobshhestvo_uchitelej/kouchingi/saba_ta_y_refleksija_ta_yrybyna_prezentacija/20-1-0-1075