Білімалдағы алғашқы ойларыма негізгі болған оқушылардың функционалдық дамуы өзекті проблема. Ол оқушылардың ойлаудың жоғарғы деңгейіне жетуімен байланысты. Осындай мәнде өз пәнімен тапсырмалар әзірлегенде шетелдік оқулықтарда берілетін тапсырмалардың үліглеріне ден қойдым. Байқауымша, мұндай тапсырмалар шетелдік басылымдарда беріледі екен. Оған қоса онда тіпті ойлаудың жоғары деңгейіне (талдау, жинақтау, бағалау) жетуге бағытталған тапсырмалар бар. Бұл мұғалімнің жұмысын біршама жеңілдетеді.
Егер ойланып қарасақ, оқулықтарымыздың өзге де кемшілікті тұстары бар!
Сіздердің, қазіргі мектеп оқулықтарына көңілдеріңіз тола ма?!
Сол себепті мұғалімдердің көбісі, "базалық" оқулықтардан тыс мәліметтерді алып, бағдарламаға сәйкестендіріп, тапсырмалар құрады, басқа оқулықтарға қарайды, интернетті олай-былай қопарып, түрлі ресурс көздерінен ізденеді. Әрине, бұл мұғалімнің өз-өзін дамытуына жақсы. Алайда, көп уақытты талап етеді. Бір сабаққа дайындалу үшін бір-үш күн кетіп қалады...
Қазақстандық оқулықтар түбірімен өзгеруі мүмкін бе?!
Бұл сұрақты естіген әріптестерімнің көбісі алаңдап отырған болар.
Неге десеңіз, жалпы білім беретін мектептердің 10-11-ші сынып оқушылары бірнеше пәндерді ағылшын тілінде меңгеретіні хабарлануда.
Яғни, ағылшын тілдеріндегі оқулықтар әзірленуі, үш тілді мектептердің желісі одан әрі кеңейуі сөзсіз.
Мен ойлаймын оқулықтар өзгереді. Қазір ептеп - ептеп үштілдікті оқу орындарына еңгіздіріп жатыр. Осыған байланысты әліде талай өзгерістер болады.