Мақала қызықтырса, ойларыңызды жазыңыздар! Кез - келген пікірге қуаныштымын.
Алаштың ардақты ұлы туралы бейнересурстар оқу үрдісінде
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесінде білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Қазіргі кезде оқу орындарында жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Әлем күн сайын өзгереді. Жаңа адамдар, жаңа оқиғалар, үйреншікті заттардың жаңа сапасы. Өткен уақыт бүгінгі күнмен алмасады, ал қазіргі уақыт келешекпен алмасады. Ақпарат біздің қасымыздан және біз арқылы орасан зор жылдамдықпен зымырап өтеді, ал сана айналада болып жатқаннын барлығын есте сақтауға қарсы болады. Өткенді есте сақтай алатын, қазіргіні бейнелейтін және болашақты алдын ала болжау жасайтын технология бар. Бұл бейне , бейнені сабақта қолдану арқылы оқушыларға жаңа материалды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді және сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етеді. Бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Коменский былай деген: «Алтын ереже-бала сезім әсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нәрсені көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын. Кейбір нәрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы». Сондай-ақ сабақтарда бейнсабақтар оқушылардың іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын дамытуда бейнефильмдердің пайдасы зор.
Бейне материалдарды қолдану оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады. Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Әлеуметтік желі дегеніміз не? Әлеуметтік желілер- ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін. Осындай әлеуметтік желінің бірі – Youtube.com.
Қазақстанның интернет қолданушылары жиі қолданатын әлеуметтік желілер жайлы мәліметке тап болдым.
Зерттеушілер әлеуметтік желілердің қатарына .kz доменіндегі ресурстарды (www.kezdesu.com,yvision.kz,www.kiwi.kz т.с.с) қоспаған тәрізді. Себебі екінші орындағы youtube тұрса, Қазақстанда kiwi.kz те жиі қаралатынын білемін. Сонымен қатар елімізде кең қолданатын ресейлік mail.ru (“Мой мир” әлеуметтік желісі), odnoklassniki.ru, vkontakte.ru да көрініс таппапты.
Тізім төмендегідей:
Youtube
StumbleUpon
Now Public
Digg
Other
Зерттеу бойынша 2- ші орында тұрған Youtube әлеуметтік желісінде Алаштың ардақты ұлы туралы қандай сапалы ресурстар бар?
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің тапсырысы бойынша жасалынған «Алаш Алыптары – Әлихан Бөкейханов (КZ)» бейне материалы, қазақ тілінді, ұзақтығы -24 мин., History of Kazakhstan каналына 17 тамыз 2013 жарияланған.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Әлихан Бөкейханның туғанына 145 жыл толуына арналып шығарылған «Алаштың Әлиханы» ұл көсеміне арналған деректі фильм – 3 бөлімнен тұрады. Барлығы 31 мин, қазақ тілінде, 16 ақпан 2012 жыл.
«Алаш» фильмі, 1917 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген Алаш автономиясының шағын тарихынан сыр шертеді. Ұзақтығы -12 мин., 11 желтоқсна 2011 ж. желіге салынған.
Yandex браузері арқылы іздесеңіз мынандай ресурстар табылады. Әлихан Бөкейханов туралы тың мәліметтер- бейнематериалы – 2 мин., Мәскеудегі «Дон» қорымында жерленген Н.Нұрмақов пен Ә. Бөкейхановтың 1937 жылы 27 қыркүйекте бірге ату жазасына кесіліп, 5065 адамммен бірге жерленгені туралы ақпарат береді. Бұл ақпарат 24.kz телеарнасы бойынша көрсетілген.
Қазақстан Республикасының телерадиокешені ұсынған «Алихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай» атты «Алаш арыстары» сериясының деректі фильмі, 27.наурыз 2015 жыл, ұзақтығы – 31 мин.
Сонымен қатар, төмендегі тақырыпта интернет ресурстарын қолдануға болады:
Ескерусiз қалатын ер ме едi?!.
«Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 145 жыл толды
Валерий Ерофеев: «Қазақ үкіметі Әлихан Бөкейханды ұмытқан сияқты»
Әлихан Бөкейхан .Қазақтың тарихы (жалғасы)
Әлихан Бөкейхан. Қазақтың тарихы
Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»
Сүйінші! Әлихан Бөкейхан шығарған газет табылды
Серік Жолдасбай. Қазақтың бірінші президенті Әлихан Бөкейханов үкіметінің құрылғанына 93 жыл толады
Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жаңа деректер
Әлихан Бөкейхан үкім шығарылған күні-ақ атылған
Жапондардың өз елін өркендету мұраты Алашорда идеяларына ұқсас еді
Әлихан Бөкейханұлы қажылыққа қалай қарады?
Әлихан Бөкейхан Нығмет Нұрмақовпен бірге Мәскеуде жерленген
Ербол Тілеш. «Алаштың» жолы
Алашорда – Азаттықтың алтын күні
Биыл Әлихан есімі көш бастап тұр
Алаш көсемі – Әлихан Бөкейханның зиратына белгітас қойылды
Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Қорыта айтқанда, барлық пәндерде, тәрбие іс – шараларында бейнересурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатады. Ал бүгінгі күні жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты борышы деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет ресурстары:
Разумный Д.В.Проблемы применения видеофильмов в учебном процессе средней школы // Телекоммуникации и информатизация образования.-2001. - №4-с.84-92.
Ахмет Л. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие процесінде пайдалану мүмкіндіктері / Л. Ахмет // Білім – Образование –2009 –№3
kk.wikipedia.org/wiki/Әлеуметтік_желілер
https://urimtal.wordpress.com
www.youtube.com
Мақалаңыз маған өте ұнады! Әрине мұғалім жан-жақты, шығармашыл болу керек. Сонымен қатар бала жанын түсіне білетін психолог болуы міндетті. Жұмысыңызға сәттілік!
Келісемін, бейне материалдар пәнге қызығушылықты арттырып, абстрактілі ойлауға көмектеседі.
Ұсыныстарыңызға Рахмет !
"Алаштың ұлы туралы бейнересурстар" тақырыбындағы мақалаңыз ұстаздарды ойландыратын шығар. Ұстаздың өзі – ізденуші. Бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Интернет ресурстарында қазақша тарихи бейнероликтерді бір-бірімен бөліссе....
Мақалаңыз өте жақсы! "Алаштың ұлы туралы бейнересурстар" тақырыбындағы мақалаңыз ұстаздарды ойландыратын шығар. Ұстаздың өзі – ізденуші. Бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Интернет ресурстарында қазақша тарихи бейнероликтерді бір-бірімен бөліссе....

Әлихан Бөкейхан туралы барлық ақпаратты бір жерге жинақтаған мақала. Мәліметтеріңізге рахмет, міндетті түрде сабақта қолданамын. Атамыздың 150 жылдығы құтты болсын, ұстаздар!!!