Қазіргі уақытта қолданылып жүрген дұрыс бір ғана жауабы бар тест тапсырмалары оқушының білімін анықтауда мүмкіндігі шектеулі. Оқушыларды тек жаттауға ғана икемдеп, олардың ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамытпайды. Тіпті кейбір оқушылар тест жауаптарын ойланбастан ойша белгілеп жоғары нәтиже көрсетіп, кездейсоқ баға алып жатады. Осы олқылықтын орнын толтыру үшін тест түрлерінің өзгерту қажет. Басқа елдердің білім беру орындарында қолданылып жүрген тест формасынын түрін өз тәжірибемде қолданып жүрмін. Тест тапсырмалары 5 бөлімнен тұрады және жалпы тапсырмалар саны 20. 1 бөлімде 1 ұпаймен бағаланатын 4 тапсырма(1-4) және 5 жауап нұсқаларынан 1 дұрыс жауапты таңдау керек. 2 бөлімде 3 ұпаймен бағаланатын 5 тапсырма (5-9) және 6 жауап нұсқаларынан 3 дұрыс жауапты таңдау керек. 3-4 бөлімде 5 ұпаймен бағаланатын 10 тапсырма(10-19), оның 5 тапсырмасы сәйкестікті табуға және келесі 5 тапсырмасы тізбектің дұрыс орнатылуына . 5 бөлімде 6 ұпаймен бағаланатын 1 ашық түрдегі күрделі тапсырма(20). Қорытынды ұпай саны әрбір бөлімдегі алған ұпайлар сандарының қосындысымен анықталады. Ең жоғарғы ұпай саны- 75, *4+3*5+5*10+1*5=4+15+50+6=75. Осы соңғы тест түрін оқу жүйесінде қолдану оқушылардың дағдысымен қатар ойлану қабілетін шыңдауда таптырмайтын амал болып табылады.
жаксы
Тиімді
Тест тапсырмаларын түрлендіріп жасағаныңыз құптарлық жұмыс екен. Үйреншікті емес жаңалыққа бала да қызығады деп ойлаймын.
Рахмет