Үй тапсырмалар, сөздерді жаттау және ұзақ сабақтар сіз үшін қиынға соқса, уайымдамаңыз - шет тілдерді үйренудің көптеген көңілді әрі қызықты жолдары бар. Назарларыңызға оқу барысын қызықты өткізуге болатын 14 ресурсты ұсынылып тұр. Ойындар, аудиожазбалар, кроссвордтар, қызықты топтамалар – өз қалауыңыз бойынша таңдауға болады.
1. BBC Learning English
Британдық ағылшынды оқып үйренуге арналған сайт. Оқу бағыттары өте көп, мәтін және сөздікті видеолар, транскрипты аудиожазбалар. Сөздердің айтылуына жеке бөлім арналған. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 6 минуттық қысқа бейне роликті - 6 Minute English курсы бар. Әр роликтің астында мәтіндік нұсқасы да көрсетілген.
2. Livemocha
Шет тілдерді жақсы көретіндерге арналған әлеуметтік желі. Біліміңізді шыңдауға көмектесетін серіктесті тауып, оны немесе басқа пайдаланушыларға қазақ тілін үйретсеңіз болады. Қарапайым хабарламалардан бөлек нақты уақытта шет елдіктермен тілдесуге болатын чат, сонымен қатар 27 тілде дайын сабақтар мен жаттығулар бар.
3. Busuu
Busuu-да ағылшын тілінде сөйлейтін сұхбаттасты тапсаңыз болғаны (ағылшын тілінен бөлек басқа 11 тіл үйренуге болады). Сонымен қоса сайтта сөздерді еске сақтауға және айтылуды үйренуге арналған сабақтар көп. Сіздің орындаған тапсырмаларыңызды ағылшын тілін иеленген адамдар тексереді.
4. LinguaLeo
Үлкендермен қоса балаларға да қызықты болатын ресурс. LinguaLeo қолданушылары бейне,аудио және мәтіндік материалдар жинақтарына, интерактивті тақырыптық курстарға, әр сөз дыбысталатын жеке сөздікке, дайындық жинақтарына (тыңдалым, кроссворд, сөздерді аудару), даму журналына (тілді үйренгендегі нақты және мүмкін болатын даму көрсетілген) қатынап кіре алады.
5. Duolingo
Бұл сайт балаларға да ұнауы мүмкін. Көптеген жазбаша сабақтар мен диктанттар ұсынылған. Сөздік бөлімінде жатталған сөздерді машықтауға болады. Бір курс ішінде 2000-ға жуық сөз үйрене аласыз. Сабақтарды үйренулеріне қарай пайдаланушылар веб-сайттар мен басқа да құжаттарды аударуға көмектеседі. Сайттан бөлек iOS пен Android үшін бағдарлама да бар.
6. ESLPod
Әртүрлі тақырыптарға арналған подкасттар. Өмірдің барлық тақырыптарын қамтыған әзілді ағылшын тілі. Үйрету әдісінің нәтижесінде лексика оңай үйреніліп жатталады.
7. Еnglish-polyglot
Сайтта теледидар арқылы көрсетілген Дмитрий Петровтың «Полиглот» бағдарламасының барлық сабақтары жиналған. Автор ағылшын тілін 16 сағат ішінде оқып үйренуді ұсынады. Әрине тілді толық үйрене алмассың, бірақ жиі пайдаланатын сөздер мен грамматика ережелерін жақсы меңгеріп алуға болады.
8. Twominute English
Видео көруді ұнататындарға арналған ресурс. Бейнелер екі минуттық емес, 4-5 минуттық. Бейнелерді телефонға жүктеп, жұмысқа барар жолда көрсеңіз болады. Өте ыңғайлы әрі тиімді.
9. Learn English British Council
Оқуға қажет болған материалдарды таба аласыз: видеожазбалар, ойындар. Сонымен қоса, ең маңыздысы IELTS емтиханына дайындалуға қажетті үлкен бөлімге кіру мүмкіндігін аласыз.
10. Lang-8
Тексерту үшін кез-келген материалды жарияласаңыз болады, мысалы: шығарма, блог үшін жазба немесе үй жұмысы. Оның бәрін ағылшын тілінде сөйлейтін сайтта тіркелген адам тексереді.
11. Еngvid
Ағылшын тілінің видео сабақтары. Пайдаланушының деңгейіне байланысты (бастауыш, озық т.с.с.) сабақтар деңгейлерге және тақырыптарға бөлінген: мысалы, емтиханға дайындалу үшін немесе грамматиканы түсіндіретін сабақтарды көрсеңіз болады.
12. Exam English
IELTS, TOEFL, TOEIC емтихандарына дайындалу қажет болғандар үшін таптырмас сайт. Тестен өту арқылы қазіргі уақыттағы ағылшын тіліндегі деңгейіңізді білсеңіз болады.
13. Loyalbooks
Loyalbooks-та сіз ағылшын тілінде 7 мыңға жуық тегін аудиокітаптар таба аласыз. Ұнаған кітапты жүктеп алыңызда жұмысқа немесе үйге барар жолда тыңдаңыз.
14. Learn American English Online
Америкалық ағылшын тілін үйренуге арналған тамаша ресурс. Күрделілігіне байланысты сайттағы сабақтар 7 деңгейге бөлінген. Әр сабақ бірнеше материалды қамтиды: грамматикалық ережелер, аудиожазбалар, тестер.
Ақпарат бергеніңіз үшін рахмет!
Оқасы жоқ.