Жаңа форматты курс аясында көптеген қазақстандық мұғалімдер өздерінің педагогикалық қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырды. Солардың бірі - іс-әрекетті зерттеу. Іс-әрекетті зерттеу мұғалімге күнделікті оқу үдерісінде кездесіп жүрген проблеманы анықтап, оны шешу бағытында бірнеше (мақсатқа жеткенге дейінгі) айналымдық әрекет жасауға мүмкіншілік береді. Іс-әрекетті зерттеуді жүргізіп жатқан әріптестерім, қандай проблемалармен ұшырастыңыздар?! Ой бөлісейік!!!
Мен өзім бір сыныпты биыл 3 жыл зерттеудемін нәтижесі жаман емес, әр оқушының даму троекториясын жасау қиын болып жатыр себебі уақыт тапшы. Өзіңізде жасалып жатқан жұмыстармен бөліссеңіз.
Байқауымша, көп әріптестеріміздің зерттеуде уақыт жеткіліксіздігі проблемасын алға тартады. Ол тақырыпқа да байланысты. Зерттеуді жалпы сыныпқа жүргізіп, ерекше бақылауға үш оқушыны алған өте тиімді
Іс-әрекетті зерттеудегі өзіңіздің әдісіңізбен бөліссеңіз?
Шындығында зерттеуді жүргізу оңай емес. Әйтсе де, зерттеу глобальды проблеманы шешпейді. Ол тек сыныптың ішінде орын алған мәселені шешуге бағытталады. Мен оқушылардың тарихи танымын дамытуды басты проблемам етіп алдым. Әйтсе де ол тақырыбым да тым жалпы сияқты. Келесі жылдан бастап тақырыптың ауқымын шағын ету, және биыл шешілмеген сұрақтарды келесі жылы ескеруді шештім
"Ақпараттық технология негізінде тұлғаның өзін-өзі дамыту жолдары" тақырыбымен 6В сыныбына жүргізілген зерттеу жұмысымың нәтижесі келесі слайдта:
Өте жүйелі, нақты жұмыс болып шығыпты! Шығармашылық табыс!!!
Өте жақсы құрастырдыңыз. Тамаша!