Отбасы-ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.
Отбасында тыныштық болса - үйде тыныштық болады;
Үйде тыныштық болса - мемлекетте тыныштық болады;
Мемлекетте тыныштық болса - әлемде тыныштық болады деген қағидаттарды ұстанған әр отбасы "Отан отбасынан басталады" деген кемел сөзге бастау болады деп ойлаймын.
"Отбасы-адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы" -деп В.А.Сухомлинский айтқандай ата-ананың баланың ақыл-ой дамуына әсері өте күшті екенін психолог мамандар да дәлелдеген екен. Бұл баланың тұлғалық дамуына ең бірінші және басым әсер етуші фактор және негізгі мінез-құлық үлгісі болып табылады.
Ата-аналар өз балаларына білім беруге, білім алуына жағдай жасауға талпынады. Бірақ оларды балаларының қандай білім алып жатқаны онша алаңдатпайды.
Білім балаларға жалпы адамзаттық құныдылықтарды игеруге, бойына сіңіруге қызмет етуі тиіс.